Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет544/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
609 
Ол даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен бұл теорияның «ақылға сыймайтын» 
ғажап жағы - кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың 
біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі 
бифуркациялық нүктеге дейін). 
Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің әрі қарай даму жолын алдын 
ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік бағдарламалар арқылы 
біршама даму жолдарын анықтауға болады. Дегенмен де жүйенің қай жолмен әрі 
қарай дамитыны әрқашанда белгісіз болып қала береді. Сонымен даму барысындағы 
көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалык біртінділік даму заңдылықтары 
(заттың дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын 
болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды. 
Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің 
бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп 
жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері 
бифуркациялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке 
адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін. 
Сонымен синергетика философиялық-методологиялық дәрежеге көтерілген соңғы 
жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама 
диалектикалық категориялар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен 
көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп
ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады. 
§ 6. Ғылым, техника және білім философиясы 
Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым - 
дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз 
мекемелері 
(ғылыми-зерттеу 
институттары, 
зертханалар 
т.с.с.), 
ғылыми 
қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар 
т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты -адамзат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет