Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет547/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
612 
Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт 
келген сиякты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген 
мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында 
қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-
ақ еңбек құралдарын жасау аркылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған 
жоқ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру аркылы 
бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды 
заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған 
ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек 
кызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі 
ондай жетілген болмаса да, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның 
колын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалыкты, тек таңғаласың. Бұл жолда 
дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді 
жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады. 
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып 
жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір 
мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар 
екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды 
жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау 
жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай 
болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы 
дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. 
Қазақстандағы кеңес заманында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап 
тұрғанының себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін 
тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді. 
Технология үғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны біз өндірісте ғана 
емес, коғамның басқа салаларында да қолданып жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-
технология», коғамдық пікірді қалыптастыру жолында «ақпараттык технология», 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   543   544   545   546   547   548   549   550   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет