Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты
таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып,
өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.
Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға
Нуржігіт Алтынбеков
614
беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске
түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін
қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына
жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер серіктері т.с.с.
қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.
Осы жетістіктерге таңыркап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың
барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады.
Мұны біз сциентистік (scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистік
көзқарас дейміз. Алайда шың бар жерде күз да барын ескеру керек. XX ғ. 70 жж.
бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып, (қоршаған ортаның
бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника кұлына айналуы т.с.с.) көрсетіле
бастады. Антисциен-тистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі
ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға» теңеп, «енді әрі карай жаңа өндіріс
кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып
кетеді» деген пікір айтты. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп
ойламайды» демекші, жаңа ғана дамып келе жаткан елдер өз өндіріс кешендерін
орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс ойшылдарының алаңдауын
олар ескермейді.
Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Кейбір кезде, мүмкін,
Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай, үндесті өмір сурген біздің көшпенді
бабаларымыз дұрыс істеген болар деген де сұрақ ойымызға келеді. Әрине, ол
романтикалық көзкарас. Ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес.
Сонымен қатар ғылымның жетістіктерін өмірге енгізген кезде (ол ғылымның негізгі
мақсаты), ойланып-толғанып, тек бүгінгі күннің мүддесін ғана ойлап коймай, сонымен
қатар алыс болашаққа тигізетін оң, я болмаса теріс әсерін сараптауға салу керек. Ал
ол үшін білім беру саласын тез карқынмен дамыту керек.
Біріншіден айтып кететін жайт бүгінгі таңдағы білім үлесінің (ақпараттың)
|