Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет552/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

саласын ғана жақсы білетін мамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап 


Нуржігіт Алтынбеков 
617 
отырсақ, Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса керек. 
Жалаң технократизм дұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын. Екі-ақ мысал 
келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігі бар) мыңдаған жылдар бойы 
мемлекеттік жұмысқа өтерде конфуциандық этикадан емтихан қабылданады. 
Тұлғаның моральдық қасиеттері егжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты 
түбегейлі жою, қай елде болмасын, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан 
алып карағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды білсең 
болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. Көп жағдайда жоғарғы 
лауазым иелерінің халық алдында берген анты үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-
бір антты бұзған шен иесі жөнінде ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет 
қызметкерлері біздің елде болмаған шығар?! 
Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің қазан айындағы 
(2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та болғаны. Ол Еуропа жоғары 
білім беру жүйесін реформалау керектігін, Қытай мен Үндістан елі жоғары 
мектептерінің олардан озып кету мүмкіндігін басып айтты. Ал біз болсақ, Еуропа 
стандарттарын жалаң еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. 
Шығысқа қарай «мойнымызды бұрып», ондағы жиналған тәжірибені де игерсек дұрыс 
болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында жантүршігерлік 
кадрларды көрсетіп, «Биллды өлтіру-1, Биллды өлтіру-2, Биллды өлтіру-3» деген 
жарнамалар болмас еді. Әрине, білім беру жүйесі бүгінгі заманда өне бойы озгерісте 
болуы керек. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. 
Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. Нешетүрлі 
тестілерді де оқу барысында колдану қажет. Бірақ қай елде болмасын, тек қана 
мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол - ¥стаздың оқу барысындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет