Нуржігіт Алтынбеков 621
Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын ала болжанған
Қүдайдың әмірімен ұштастырады. Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы
Ш.Л. де Монтескье коғамның өрлеуін «ағарған монархтың» іс-әрекетімен
байланыстыра отырып, коғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірден-бір шешуші
фактор ретінде қарайды (мұны «қүқтық көзқарас» деп әдебиетте атап кеткен
болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам
өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен
қатар заңның өзі -- адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?
XX ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкер0істерді қоғамның
дамуының негізіне жатқызады. Оның ойынша, «адами ахуал - әрқашанда рухани
ахуал». Мұндай көзқарастарды қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек
те болады.
Сонымен қатар XIV ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға
жаңа
үлгі
енгізеді.
Оның
ойынша,
әртүрлі
қоғамдардың
бір-бірінен
айырмашылықтары, негізінен алғанда, материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу,
тұтынуына байланысты. Алайда ұлы ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып,
тек қана 5 ғасырдан кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.
К.Маркс қоғамтану саласына, негізінен алғанда, екі жаңалық енгізеді. Оның бірі -
қосымша құн теориясы, ал екіншісі - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасы.
Ең алдымен бұл екі жаңалықтың да дүниеге келуі капиталистік қоғамның қалыптасып,
дамуына байланысты болғанын атап өту қажет. Егер К.Маркс дүниеге келмегеннің
өзінде, басқа ғалымдар ертелі-кеш оларды ашатыны сөзсіз еді. Өйткені мыңдаған
жылдар бойы бұрынғы қоғамдарда әртүрлі сословиелік-заңдық қатынастармен
бүркемеле-ніп келген экономикалық қатынастар Жаңа дәуірде ашылып, ғалымдардың
назарын аудара бастайды.
Енді К.Маркстің бірінші ашқан жаңалығына келер болсақ, капиталдың өндіріс
айналымында өсуі оның ерекше бір ғажап қасиетінен туындамайды. Бұл үрдіс тарих
сахнасында ерекше тауардың пайда болуымен байланысты. Ол - жұмысшы және