Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет560/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
626 
парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. Солардың кызметінің 
арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше түрлі статустарға ие болып, 
тұлғаға айналады. Ол ең алдымен сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне 
бөленіп, содан кейін балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, әрі 
қарай мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, азаматтық 
дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек ұжымына кіріп, саяси 
институттардың жұмысына қатысып, әрі қарай шыңдала түседі т.с.с. 
Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» және «Батыс» қоғамы деген ұғымдарды 
аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция мен Мысырға турист болып 
барып, коғамдағы тәртіпке, адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғұрпына, 
салт-дәстүрлеріне 
мұқият 
қарасаңыз, 
осы 
екі 
қоғамның 
арасындағы 
айырмашылықтарды әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол - шындық. 
Олай болса, біз оны түсінуіміз керек. 
Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. Мұндай 
қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын келтірсе де жеткілікті. Бұл 
ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың алдында болып келді, тек 18 ғасырдан 
бастап, Батыс Европа капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы 
дамытып, машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі таңда 
Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) заманның талабына сай 
жауап тауып, өте тез қаркынмен дамып келеді. Шығыс коғамының негізгі ерекшелігі - 
қауымдасып өмір сүрудің биік мәртебесінде. Жеке адамның мүддесі әркашанда 
ұжымның шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы кажет. Рулық, жерлестік, 
діни, касталық, отбасылық т.с.с. кауымдастықтың шеңберінде пайда болған моральдық, 
руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, нормалар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз 
еркіне көндіреді. Сонымен қатар ұжым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының 
шеңберінде ұстайды, ол - қорғалған. Сондықтан бұл қоғамдарда әлеуметтік 
әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, мұнда да байлар мен кедейлер бар. Бірақ ол 
таптық емес, сословиелік негізде кұрылған. Жекеменшікке де Батыстағы сияқты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет