Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет563/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
629 
жағдайда «бос сөз» болып, ескерілмей қалады. 
Қорыта келе, мынаны айтуымыз керек: егер сіз осы қоғамда дұрыс ауқатты өмір 
сүремін десеңіз, онда қалаған мамандығыңызды терең де шығармашылық 
тұрғыдан меңгеруіңіз керек, сонда ғана сіздің еңбегіңіз нарықта сұраныс табады, 
яғни сіздің қаражатыңыз болады. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» деген өмірлік 
бағдарлама сізді сәтсіздікке әкеледі. Сонымен қатар өмірдің мәнін тек ақша табуға 
әкеліп тіресеңіз, тағы да толыкқанды өмірдің мән-мағынасын таба алмайсыз. Бұл 
жөнінде «Адам мәселесіне» арналған тараудан оқыңыз. 
§ 2. Тарих философиясы 
а) тарихты формациялық тұрғыдан талдау 
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс қоғамдық-
экономикалық формация теориясын жасайды. Оның ойынша, ол - нақтылы-тарихи 
сатыдағы белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл 
адамзат тарихын талдай келе, К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құл 
иеленушілік, феодалдық, капиталистік формациялар. Алайда адамзат тарихы 
болашақта коммунистік формацияны заңды түрде тудырады. Өйткені, оның ойынша, 
капиталистік қоғамның негізгі мақсаты - заттық байлықты жинау, капиталды өсіру, ал 
тарихи сахнада өмір сүріп жатқан тірі адам - сол мақсаттың құралы ғана. Осы себепті 
К.Маркс капиталистік қоғамды қатты сынға алады. «Капитал ең тәтті шырынның өзін 
адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді», ...«адамдардың бір-біріне деген нәзік те жылы 
қатынастарын капитал мұзды суға батырады»,...«бұл коғамда қартайып қайраты 
кеткен шал гүлденген жас әйелге үйленеді, өйткені бұл қоғамда бәрі де сатылады», -- 
деп корытады К.Маркс. Әрине, мұндай ахуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін емес. 
И.Канттың «Адамды әркашанда мақсат тұт» деген талабын жақсы білген К.Маркс, 
болашақта адамды негізгі максатқа айналдыратын коғам дүниеге келеді, ол 
коммунизм (communitas- латын сөзі, қауымдык) деген тұжырым жасайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет