Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет568/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
634 
Қытайда табиғаттың стихиялық күштеріне қарсы түру әрекеттері жүздеген мың 
адамдардың басын қосып, оларды мәжбүрлеп, алып каналдарды ғасырлар бойы салуға 
ұмтылдырды. Нәтижесінде бұл елде қауымдастық принципке негізделген мәдениет 
пайда болып, оның кағи-далары, әлеуметтік нормалары осы уақытқа дейін 
ұсталынуда. Еуропа топырағында жұмсақ климат, айнала қоршаған жылы теңіздер 
жеке адамның іс-әрекеттерінің дамуына өз септігін тигізіп, жекешелілікке негізделген 
мәдениеттің қалыптасуына әкелді. Олай болса, жер бетінің түкпір-түкпірінде өмір 
сүріп жатқан халықтардың сол қоршаған ортаға байланысты қалыптасқан өз төл 
мәдениеті бар деп айтуымызға болады. 
Әр халықтың төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі жатыр. Оны қазақ 
«ана тілі» дейді, өйткені ол ананың ақ сүтімен бірге беріледі. Тіл арқылы біз дүниені 
түйсіну, сезінуге мүмкіндік аламыз. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған 
тәжірибесі, даналық кағидалары берілген. Сондықтан ол - бағасы жоқ құндылық. 
Сондықтан да қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналмай, халқымыздың көсегесі 
көгермейді. 
Кең түрде мәдениетті екі салаға бөлуге болады. Олар -материалдық және рухани 
мәдениет. Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы — адамға керек кажеттіліктерді 
өтеуде. Егерде белгілі бір зат адамның физиологиялық, материалдық 
мұктаждықтарын қанағаттандырса, оны материалдық, ал - рухани сұраныстарын 
өтесе - рухани мәдениет құндылықтарына жатқызамыз 
Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәдениетке ғылым, әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, саяси-құқтық, моральдық эстетикалык т.с.с. құндылықтарды жатқызуға 
болады. Ал енді бұл ұғымның өрісін мейлінше тарылтсак, онда мәдениетке адамның 
ішкі жан дүниесін, оның білім деңгейін, дүниеге деген көзқарасын, басшылыққа алатын 
әлеуметтік нормаларын т.с.с. атаймыз 
Енді цивилизация ұғымына келер болсақ, біріншіден айтып кететін жайт - бұл 
ұғымның көпмағыналығы. «Civilitas», деген латын сөзі «қалалық», «азаматтық» деген 
мағына береді. Енді бұл ұғымға берілетін бірнеше негізгі түсініктерді атап өтейік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет