Нуржігіт Алтынбеков 636
айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған адамдар - жазушылар,
философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шениелері т.с.с. дүниеге келіп, олармен
бірге жазба тарих пайда болып, мектептер ашылады т.с.с. Міне, енді дүниеге осы
уақытта цивилизация келді деп айтуға болады.
Енді тарихи үрдісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау әдістемелеріне келер
болсақ, осы ұғымдардың көпмағыналығына сай әртүрлі тұжырымнамаларды көруге
болады. Алғашқы рет адамзат тарихына көз жіберіп «циклдік», яғни белгілі бір
шеңберде дамып, соңында бастапқы сатысына қайта оралу идеясын философияға
енгізген ДжанбатистоВико (1668-1774 жж.) болатын. Осы шеңберде белгілі бір
мәдени қауымдастық, ұлт үш дәуірден өтеді екен. Бірінші - діни, екінші - батырлық,
үшінші - азаматтық, содан кейін бастапқы діни сатыға қайта оралады. Осы тұрғыдан
алғанда, біздің халықтың тарихи батырлық сатысы, шамасы, Алтын Орда
мемлекетінің заманында болса керек. Қазір біз азаматтық қоғам орнату үрдісіндеміз.
Жүре келе, мұндай «циклдік» идея біршама тарихи-сопылық көзқарастардың негізіне
алынды. Тарихи бірінші болып «мәдени-тарихи типтер» ұғымын енгізіп, соның
арқасында тарихты сопылап көрген орыс ғалымы Н.Я.Данилевский (1822-1885 жж.)
болғанды. Ол Батыс Еуропа елдерінің «германо-романдық» тарихи даму жолын
жан-жақтың деп есептемей, керісінше, оның рухани-адамгершілік дағдарыста,
болашағының жоқ екенін көрсетеді. Оның ойынша, адамзат тарихының дамуы
«мәдени-тарихи типтердің» өзара бір-бірімен күресі жолында дамиды. Бірақ бұл
күресте алға шыққан негізі мен құрылымы жағынан мықты тип тарихи үрдістің
негізін құрайды. «Мәдени-тарихи типтер» сол қауымдастыққа кіретін халықтардың
ортақ тілін талап етеді. Екіншіден, ол халықтардың саяси дербестігі болуы қажет,
үшіншіден, ол толықканды болуы үшін әртүрлі халықтар мен ұлыстардан тұруы
қажет. Қарап отырсақ, аз-мұз жетілген бұрынғы Ресей империясы көз алдымызға
келеді. Оның ойынша, егер славяндардың тарихи болашағы мол болып, олар көштің
басында болса, ғұндар мен түріктер тек қана қиратуға жаратылған халықтар екен.
Қытай, Үндістан, Иран т.с.с. көне автохтондық цивилизациялардың да болашағына