Нуржігіт Алтынбеков 641
Постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына университеттік білім
беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғары оқу орындары негізінен үш
шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу
кешендері, екінші шеңберде - ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған
лабораториялар, үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз көлемді
түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған заттарды шығаратын
мекемелер орналасқан. Яғни шығармашылык деңгейге кетерілген жастардың неше
түрлі идеяларының іске асуына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында,
университеттер өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің
жас мемлекетімізде де университеттердің дамуына жағдай жасалып жатқаны осы
тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар. Әрине, бүгінгі таңда біз оқу орындарының
лабораториялық базаларын күшейтуге ең алдымен көңіл аударуымыз қажет.
Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде «тұтыну қоғамы» деп атайды. Өйткені
өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесіндс халықтың көпшілігінін
материалдык ахуалы биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззат алуға
бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты
қалыптасты. Сонымен «homo consumer» (тұтынушы адам) дүниеге келді.
Бүл арада біз постиндусгриалдық қогамның теріс жақтарын талдауга көшеміз. Бірінші қоятын сұрағымыз: индустриалдық қоғамдағы адамды құрал ретінде пайдалану,
байлықты, капиталды негізгі мақсат-мұрат тұту жойылды ма? Әрине, жоқ.
Постиндустриалдық коғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған
адамдардың орасан зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның рухани
жаңаруына, адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуіне
жұмсалудың орнына материалдык заттар арқылы өмірден неше түрлі сезімдік ләззат
алуғабағытталады. Өйткен себебі, капиталдың өне бойы өсуі нарықтағы айналымның
тез өтуімен тығыз байланысты. Керісінше жағдайда ол тоқырауға ұшырайды.
Сондықтан жыл сайын жаңа тауарлардың сан алуаны шығарылып, жарнама аркылы
адамдарға таратылады. Оларды тұтынатын адамдар өздерін өмірдің желісінен