Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет590/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
656 
күшке негізделген ретке келтірушілік бар. Сондықтан да болар, уақытында Ф.Ницше 
«билікке деген ырықты» субстанциялап, жалпы дүниенің негізінде жаткан құбылыс 
деп есептеді. 
Әрине, қоғам күрделі дәрежеде ұйымдасқан жүйе ретінде әрқашанда белгілі бір 
тәртіпсіз өмір сүре алмайды. Олай болса, билік адамзаттың мәңгі серігі. Шындап 
келсек, алғашқы қауымдық коғамның шеңберінің өзінде демократияның алғашқы 
қайнар көздері пайда болады, өйткені рудын ішіндегі қарым-қатынастарды, баска 
рулармен қатынастарды, кайшылыктарды өне бойы ретке келтіріп отыру қажет 
болды. Оноре де Бальзактың гүлдер ботаникадан ерте өмір сүрген дегені сияқты
саналы түрде алғашқы демократия өмірде болғанымен, категориялық (ұғымдық ) 
дәрежеде әлі пайымдалған жоқ-ты. Тек жекеменшік пайда болып, тарихқа таптық коғам 
келген кезде дәулеті асқандар өз мүддесін қорғау жолында саяси жолмен бүкіл 
қоғамға өз ырқын таңа бастайды. Осы тұрғыдан алғанда, саяси билік дегеніміз 
коғамды басқарған субъектінің адамдар, әлеуметтік топтарды өз ырқына - тіпті олар 
қарсы шыққанның өзінде, - көндіру болып табылады. Расында да, қоғам өмірі сан 
алуан қайшылықтардан тұрады, мыңдаған адамдардың мүдделері бір-біріне 
соқтығысып, қарсы келеді. Мұндай жағдайда әрқашанда қоғамның ауытқуына, 
құлдырауына, тіпті құрып кетуіне мүмкіндіктер ашылады. Сондыктан биліктегілер 
қоғамның біртұтастығын сактап, үстем таптың мүдделерін қорғау үшін шынайы күш-
қуатқа ие болулары керек. Көп халықтардың тілдеріндегі «билік» және «күш-қуат» 
деген ұғымдардың бір түбірден шыққанын байқаймыз. Мысалы, ағылшын сөзі 
«роwег» билік, күш-қуат деген мағына береді, қазақтың «билік», «білік», «білек» 
(күш), орыстың «власть», «владеть» деген сөздері де бір түбірден шыққан. 
Алайда бұл арада үлкен сұрақ пайда болады. Биліктегілер өз ырқына халықты 
қалайша көндіре алады, ол мүмкіндік қайдан пайда болады? Ол арнаулы әлеуметтік 
ұйымды құру арқылы іске асады екен. Оны біз мемлекет дейміз. Олай болса, мемлекет 
саяси-құқтық саланың өзегі болып табылады. 
Мемлекет - қоғам өміріндегі негізгі қатынастарды заңға негізделген билік арқылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет