Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет600/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
666 
оларды позитивтік (оң) кұқықтар дейді. Тарихи зандар таптық қоғам дүниеге 
келген кезде алғашкы кауымдык қоғамньщ шеңберінде қальптасқан әдет-ғұрыптарды 
жаңа жағдайға сай етіп өзгертіп, оларға мемлекеттік қолдау беру аркылы дүниеге 
келеді. Заңдардың екінші кайнар көзі -сот шешімдері - оларды әдебиетте 
прецеденттік құқықтар дейді. Мысалы, Англияда осы уақытқа дейін ол заңды 
дамытудың негізгі қүралы ретінде пайдаланылады. Соңғы ең кең тараған әдіс 
заңдарды шығармашылық жолмен тудыру. Ол үшін арнайы мемлекет билігінің 
тармағы - парламенттер жұмыс істейді. 
Құқық пен заң ұғымдары бір-біріне өте жақын, бірак тең емес. Заңды тудыратын 
адамдар, ал олардын қол астынан шығатын бірде-бір нәрсе кемшіліксіз болмайды. 
Біріншіден, коғам өміріндегі шым-шытырық байланыстардан тұратын қатынастардың 
бәрін заңдык нормалар қамти алмайды. Келесі - заңда әр түрлі жағдайда өмір сүріп 
жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері қамтылу керек. Қайсыбір мемлекетте ол 
көбінесе дәулетті топтардың пайдасына шеші-леді, өйткені олардың парламенттегі 
өкілдері заң шығару барысында бар күштерін сол топтардьщ мүдделерін заң арқылы 
бекітуге жұмсайды (саясаттануда оны «лобби» - қолдаушылар дейді). 
Құқық құндылықтарының келесі ерекшелігі - олар саясат пен моральдың 
талаптарын бір-біріне ымыраға келтіретін дәнекер, құрал болып табылады. Қайсыбір 
саяси бағдарлама, декларация, егер ол заң бойынша нактыланып бекітілмесе, жай сөз 
болып қала береді. Екінші жағынан, заң моральдык нормалардың талаптарын, аз да 
болса да, өз бойында қамтуы керек, сонда ғана оны шынайы өмірде адамдар 
қабылдайды. Сондыктан заңды «тіпіпшт тіпі-тошт» - ең аз көлемдегі адамгершілік 
дейді. Қайсыбір заң, бір жағынан, саясатгың өмірге енгізуге болатын талаптарын, 
екінші жағынан, аз да болса да, моральдык рухани колдаудын бірлігін кұрайды. 
Сонымен моральдык-рухани сана өз шегіне жеткен талаптарын өмірге енгізе 
алмай, мемлекеттің ырқына көнуге мәжбүр болып, соның арқасында өмірге заң 
келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет