Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет626/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
693 
христиандық дін. Оны «Құдай ашылған» діндердің қатарына жатқызуға болады. 
Өйткені христиан діні кұжаттарында Құдайдың адамзатқа жіберген моральдық 
Өсиеттері, Оның бұл Дүниені қалай жаратқаны жөнінде мағлұматтар бар. 
Христиандық діннің ерекше сипаттарының бірі - үштік ұғымы. Яғни Құдайдың бір 
уақытта берілген үш келбеті бар: ол Құдай-Әке, Құдай-Ұл және Киелі Рух. Келесі: 
Құдай адамды өзіне ұқсатып, оған ақыл-ой, парасат, сүйіспеншілік сезімін беріп 
жаратты. Сондьқтан бұл фәнидегі оның алатын орны ерекше. Ол Дүниедегі 
тіршіліктердің бәрінен де жоғары, сондықтан оларды билеуі, әрі қарай жетілдіруі 
керек. Адам күнәға белшесінен батса да, оны құтқару үшін Құдай-Әке жер бетіне өз 
Ұлын - Иса пайғамбарды жібереді. Ол бір жағынан - Құдай болса, екінші жағынан - 
адам. Иса өз мойнына адамзаттың барлық күнәларын алып, ақылға сыймайтын 
зардаптардан өтіп, адамзатты Құдай алдында кұтқарады. Сонымен Құдайдың адамға 
деген сүйіспеншілігі оны құтқарды. Олай болса, адам да сүйіспеншілікке толы болуы 
керек. Христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - адамды сүю. «Жақыныңды сүй, 
алыстағыны да сүй, тіпті өз дұшпаныңды да сүй» деген ғажап өсиет Иса 
пайғамбардың аузынан шыққан. Киелі Августин: «Сүй, содан кейін не жасасаң да 
мейлі», - дейді. Өйткені сүйген адам жамандық пен зұлымдыққа ешқашанда бармайды. 
Тарихи христиан діні неше түрлі жаңару сатыларынан өтті. Оның шеңберінде 
неше түрлі жаңа ағымдар пайда болды (католиктік, православиеліқ т.с.с.)- Әсіресе 
Еуропа топырағында капиталистік қоғам пайда болған кезде, протестанттық ағым 
пайда болып, жаңа қоғамның этикасын (моральдық қағидаларын) тудырды. Оның 
негізгі қағидаларының бірі - адам қажымай-талмай еңбек етуге, өмірді өне бойы 
жетілдіріп, жаңартып отыруға жаратылған. 
Христиан діні Еуро-Атлантикалык цивилизацияның дамуына зор әсерін тигізді. 
Бұл дүниені адам мәртебесіне сай етіп қайта құру жолында үлкен жетістіктерге жетті. 
Сонымен қатар Дүниені қайта өзгерту жолында Батыс цивилизациясы XX ғ. көп 
сәтсіздікке ұшырап, ақырында біршама ойшылдар (постмодернизм ағымы) адамның 
табиғатты өз еркіне көндіру қағидасының мүмкін емес екенін ашық айтуда. Соңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет