Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет664/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
732 
Енді миллиондаған карапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың 
өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен 
байланысты болса керек. Өйткені ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз 
алдымызда жоқ болса да, рух ретінде бізбен бірге өмір сүріп кала береді. Ұлы 
Конфуций айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит 
сияқты бір шұңқырда ұмыт болып қалады. 
Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, ол шынайы 
өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе тез қарқынмен дамып 
келе жатқан гендік инженерия саласы болашақта адам өмірін бейнақтылы ұзарта 
беруге болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол жалған жол болса керек. 
Әрине, гендік инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып, тұқым қуатын 
аурулармен күрессек, ол жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға 
бағытталған зерттеулер қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін ешкім бүгінгі 
таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, оның теріс салдары 
ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман болуы мүмкін. Екінші жағынан, адам 
Дүниедегі ең теңдесі жоқ биік құндылық болғаннан кейін, оның өмірі мен денесіне 
жасанды тәжірибелер жасау қылмыс болар еді (адам көлбақа емес қой). 
Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде 
өзі тудырған қауіп-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ 
түгіл, бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық 
апат) осы уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға шынайы 
өлместіктің керегі қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы 
уақытқа дейін өлтіріп жатса деген заңды сұрақ дереу ойға келеді. 
Қорыта келе, шынайы өлместік бүкіл миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан 
іргелі табиғат заңдылықтарына қайшы келеді дер едік. Әңгіме бізге берілген теңдесі 
жоқ сый - өмірді - бақытты мүмкіндіктерді іске асыруда, өз өмір шеңберінде үлкен 
маңызды істерді жасап, өз ізіңді қалдыруда болса керек. Оларды өлім жоя алмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет