Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет665/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
733 
Рефераттар тақырыптары: 
Көне философиядағы адам мәселесі. 
Ортағасырлық философиядағы адам мәселесі. 
Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесі. 
Л.Фейербахтың адам жөніндегі философиялық ойлары.
Маркстік философиядағы адам мәселесі. 
Адамның био-әлеуметтік табиғаты.
Аутоназия дегеніміз не? 
Адам өмірінің мән-мағынасы. 
Адамның өлместігі. 
Философиядағы антроптық қағиданың рөлі. 
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 
Адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы неде? 
Адамның дүниеге келуі жөнінде қандай гипотезалар бар? 
Адамның биологиялық дене ретіндегі құрылымы қандай? 
Адамның әлеуметтік мәнін сипаттаңыз. 
Адам жөніндегі қандай ілімді «әлеуметтік редукционизмге» жатқызуға болады? 
Адамның әлеуметтік ауытқу жолына түсуінің себептері қандай? 
Адам шығармашылығын қалай түсінесіз? 
Адамның жан-жақты дамуы дегеніміз не? 
Адамның өлместігі неде? 
Адам тұлғаға қалай айналады? Ұлы адам дегеніміз кім? 


Нуржігіт Алтынбеков 
734 
XVIII тарау. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық 
астары. 
§1. Жаһандану дегеніміз не? 
Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір 
жағынан, басқа ұлттар және ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге 
бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын - 
Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы 
тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің 
тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван 
Грозный т.с.с. саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің астарында «жаһандану идеясы» 
жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдамаса да, ішкі «көкей көзімен» 
сезген болар. 
Тек бүгінгі таңда, XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан 
дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса ұнамауы да 
мүмкін, бірақ бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, 
жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек. 
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, 
саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — 
біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан 
қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып 
келеді. Алысқа бармай-ак, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің 
бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, 
немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік 
Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың 
тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан 
келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, 
Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет