Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет666/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   662   663   664   665   666   667   668   669   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
735 
болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мұнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара және 
түрлі түсті металдар мен тас-көмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.
Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше 
түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, «жаңа бодандық» ауруына 
шалдыққан болармыз? Алайда ондай тұжырымға келуге әрі ертерек сияқты. Өйткені 
біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артық қана 
уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялык бағдарламалар қабылдап, 
«ұлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы 
кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын. 
Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен 
терезесі тең қарам-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалды. 
Саяси салаға «көп партиялық», «адам құқтары», «құқтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар 
кіріп, өзгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ-ға ғана кіріп қоймай, басқа да 
халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз. 
Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, 
солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген ұғым 
сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері» жасалуда. 
Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде 
жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға 
болады. 
Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау методологиясының тұрғысынан алып 
қарағанда, жаһандану үрдісінің негізінде ғылыми-техникалық революция жетістіктерін 
пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт дамуы (тек XX ғ. өндіргіш күштердің 
дамуы өткен 5000 жылдан асып түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден екінші 
елге өтуі, байланыс жүйелерінің жетілуі т.с.с. құбылыстар жатыр. Екінші жағынан, 
табиғи ресурстардың Жер бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан елдердің бір-бірімен 
осы байлықты бөлісу, алмасу мәселелері де жаһандану үрдісіне өз ықпалын тигізбей 
қоймайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   662   663   664   665   666   667   668   669   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет