Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет668/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   664   665   666   667   668   669   670   671   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
737 
таңғалдыра алмайсың, ол оған таңсық емес. Ал Біржан-сал, Тәттімбет, Сегіз-серінің 
т.с.с. ұлы перзенттердің өлеңдері, ғұлама Абайдың қара сөздері, көне заманнан 
сақталған эпос, дастандар оларды, шынында да, таңғалдырып, осындай 
бабаларымызды тудырған халыққа деген ізгі ықыласын оятатынына біздің күмәніміз 
жоқ. 
Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ 
тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға 
әкеледі. 
Сонымен қатар жаһандану үрдісі біршама бүкіладамзаттық теріс салдары бар 
проблемаларды тудырды. Енді оларды қысқаша сипаттайық. 
§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер 
Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақынаң жетілуі мен 
халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе 
жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан, Пәкістан, 
Оңтүстік Африка, Израйль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық 
технологияны меңгеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы - бұл 
қосылған жаңа елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001 ж. 
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет 
қайраткерлерінің «ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік 
қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы -барлық 
ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық 
бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-
терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке қарай, ядролық 
мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі 
жасауда. Алайда бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі 
«ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек. 
Екінші үлкен мәселе - бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   664   665   666   667   668   669   670   671   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет