Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет669/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
738 
тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау 
- адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ 
тоқталғанды жөн көрдік. 
Қайсыбір қоғам - өте күрделі, өзін-өзі ұйымдастырып дамыта алатын жүйе. 
Өйткені қоғамның «атомы» - адам. Оның денесімен қатар, ішкі рухани дүниесі ой-
өріске, қиял-арманға, шаттық пен әсерге, қайғы-мұң мен махаббатқа, неше түрлі 
жарқын және күңгірт сезімдерге толы. Әр адам өз өмірінің шеңберінде алдына неше 
түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларға жетуге ұмтылады. Егер жануарлар табиғатпен 
бірге, соған сәйкес өмір сүрсе, өзін табиғатқа қарсы қоя алмаса, адам өзінің санасы 
арқасында айнала қоршаған ортаны өз мұқтаждығына сай етіп өзгертеді, оны таза 
табиғат қанағаттандыра алмайды. Осы ерекшелікке сай, бүгінгі таңда жер бетінде 
мыңдаған қалалар, миллиондаған шақырым асфальт және теміржолдар, бүкіл жер 
бетін қамтитын интернет, теледидар, ұялы телефондар жүйесі, жасанды су 
коймалары, алып зауыттар мен фабрикалар т.с.с. адамның шығармашылық еңбегі 
арқылы дүниеге келген заттарды көреміз. Сонымен қоғам табиғатпен сан алуан 
байланыстарға түсіп, өмір сүреді. Ал осы байланыстарды жете түсіну ұшін 
«табиғат» үғымын талдаудан бастайық. 
«Табиғат» ұғымы, негізінен, үш мағынада қолданылады. Ең кең түрде алғанда 
Дүниеде табиғаттан басқа еш нәрсе жоқ (Құдай идеясын жақшаға алсақ). Қазіргі 
американ астрофизиктерінің деректеріне сүйенсек, бұл Дүние осыдан 13 млрд. жыл 
бұрын «Үлкен Жарылыстың» негізінде пайда болды. Яғни Ғарыштың бір шеті мен 
екіншісіне дейінгі қашықтық - 13 млрд. сәулелі жылдар. 
Ең тар мағынада алғанда «табиғат» ұғымы «мен» категориясымен теңеліп 
кетеді. «Осы заттың табиғаты неде деген сұрақ «Осы заттың мәні неде деген 
сұраққа тең. 
Үшінші мағынада «табиғат» деп Жер бетін, оны қоршаған атмосфера
гидросфера, тропосфераны, сан алуан тіршілікті, қоғамды қоршаған ортаны 
айтамыз. Міне, осы мағынада біз табиғат ұғымын пайдаланамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет