Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет670/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
739 
Бірінші жақындағанда біз табиғатты екіге бөлеміз. Олар - өлі және тірі табиғат. 
Өлі табиғатқа неше түрлі механиқалық, физикалық-химиялық, магниттік, электрлік 
т.с.с. үрдістерді жатқызуымызға болады. 
Ал Жер бетіндегі тіршілікке келер болсақ, ол - Дүниеде болып жатқан бір 
ғажап оқиға. Олай дейтін себебіміз, осы уақытқа дейін, теориялық тұрғыдан 
Ғарыштың басқа да кеңістігінде тіршілік болуының мүмкіндігін мойындасақ та, тек 
Жер бетіндегі тіршіліктен басқасын таба алмадық. Кең түрде алғанда, тіршілік 
деп қоршаған ортамен заттық, энергетикалық (күш-қуаттық), ақпарат-тық алмасуға 
түсіп, өзін-өзі сақтап жетілетін, сонымен қатар өмірін жалғастыра алатын күрделі 
жүйені айтамыз. Тіршіліктің жер бетіндегі дүниеге келгеніне 3,5 млрд. жыл 
болыпты. Осы уақыттың шеңберінде сансыз әртүрлі тіршілік формалары дүниеге 
келіп және кетіп, бүгінгі жетілген формаларын тудырды. Оның ең биік теңдесі жоқ 
түрі - сана сезімі бар рухани пенде - адамның өзі. 
Жер бетіндегі миллиардтаған жылдар бойы бір-бірімен өзара байланыста, 
сәйкестікке келген тіршілікті біз Үлкен Жүйе деп атауымызға болады. Оның, 
негізінен алғанда, 3 құрамдас бөлігі бар. Олар: а) өсімдіктер әлемі; в) жануарлар 
әлемі; с) микроорганизмдер әлемі. Олар, әрине, салыстырмалы түрде дербес 
болғанымен, бір-бірімен тығыз байланыста болып, Үлкен Жүйені кұрайды. 
Өсімдіктер әлемін көркем тұрде аса теңдесі жоқ күн сәулесін қорландыратын 
аккумулятор десек те болады, өйткені олар жапырақтарын күнге қарай бұрып, 
тамырлары арқылы жер астындағы неше түрлі минералдарды бойына тартып, 
фотосинтез арқылы өз денесіне айналдырады. 
Жануарлар сол өсімдіктермен қоректеніп, олардың денелеріндегі қорланған 
энергия мен минералдық элементтерді өз бойына сіңіріп, өсіп-өніп, сонымен қатар 
кеңістікте қозғалуға мүмкіндік алады. 
Енді көзге көрінбейтін тірі организмдер - микробтар мен вирустар әлеміне 
келер болсақ, оларсыз жоғарыдағы екі әлем де өмір сүре алмас еді. Күзде шөптер 
сарғайып, шіри бастайды. Микроорганизмдер оларды қайтадан табиғатқа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет