Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет682/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   678   679   680   681   682   683   684   685   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
751 
болатын. Оның біреуі - социалистік идея болатын болса, екіншісі - сциентизм, 
ғылым мен техниканың негізінде қоғам өміріндегі барлық жетіспеушілікті жеңіп, 
бақытты өмір орнату болатын-ды. Бүгінгі таңда осы екі идеяның да тасталқаны 
шықты. Біз ол жөнінде жоғарғы тарауларда өз ойларымызды айтқанбыз. Дәл казір 
бүкіл адамзатты елең еткізетін еш жаңа идея болмай тұр. 
Әрине, мұндай ахуал өтіп жатқан өзгерістерге өз ықпалын тигізбей қоймайды. 
Сондықтан да реформа барысында Батыс елдерінде дүниеге келіп жетілген «оңшыл» 
либерализм саясаты қолданыла бастады. Бұл саясаттың қысқаша мәнін «әрбіреуге 
өзінікі» деген қағидаға теңеуге болады. Әр адам өзінше іс-әрекет жасап, ең алдымен өз 
қамын ойлауы керек. Осы себепті мыңдаған жылдар бойы қауымдастықтың рухында 
тәрбиеленген халықтың санасында «кұндылықтар кақтығысы» пайда болып, үлкен 
қайшылықтарды тудырды. 
Әлеуметтік-экономикалық салада асығыс түрде жүргізілген жекешелендіру 
саясаты (біз оған мәжбүр болдық), тез арада қоғамның «жаңа қайта топтануына» 
(рестратификация) әкеліп, әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертті. Байлық пен 
кедейлік арасында қалыптасқан айырмашылық Батыста қалыптасқан өлшемдерді 
басып өтіп, ешқандай сын көтермейтін жағдайға әкелді. Негізгі кемшілік - жаңадан 
пайда болған дәулетті адамдардың біршамасының, дәлірек айтсақ, буржуазияның 
халық алдындағы жауапкершілігінің төмендігі, моральдық қасиеттерінің тайаздығы. 
Өтпелі қоғамдағы жаңа қалыптасып жатқан кейбір іскер топтар өкілдерінің көбінің 
бойында қарапайымдылық, басқалардың қамын ойлау, әділеттілік деген қасиеттер 
жоқтың қасында. Жеңіл келген байлықтың буына мас болған кейбіреулер тіпті дөрекі 
нәрселерді жасап, өзін қоғамдық пікірге батыл қарсы коюда. 
Мұндай теріс ахуал қалыптасуының негізінде реформаларды тез арада өткізу 
қажеттігі жатқан болатын. Екіншіден, әрине, Батыс емір салтына әсіресе «тәтті өмір» 
идеологиясына ойланбай еліктеу жатса керек. Нәтижесінде «жаңа орыстар», «жаңа 
қазақтар» деген сөз тіркестері пайда болып, халык жүздеген анекдоттарда оларға өз 
бағасын берді. Олар халықтың сый-қошеметіне ие болу, өз әлеуметтік мәртебесін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   678   679   680   681   682   683   684   685   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет