Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет163/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
191 
ойшылдың еңбектері терең зерттеліп, басқаша пікір қалыптаса бастады. Ағылшын 
елінің ұлы философы Б.Рассел бұл кісінің еңбектерін жоғары бағалап: «Н.Макиавелли 
Ренессанс дәуірінің ең терең ойшысы», - деген пікір айтты. 
Батыс елдеріндегі көп ғалымдар Н.Макиавеллиді қазіргі саяси философияның 
негізін қалаушы ретінде бағалайды. Біздің ойымызша, XIV ғ. өмір сүрген араб 
ойшысы Ибн-Халдунды бұл орынға қоюға әбден болар еді, өйткені ол 
Н.Макиавеллиден бір жарым ғасыр ерте өмір сүрген болатын. Бірақ, қалай дегенде 
де, біздің ел сияқты ондаған мемлекеттер демократия жолына түсіп, қоғамда терең 
саяси өзгерістерді тудырып жатқан уақытта Н.Макиавеллидің саясат пен моральдың 
айырмашылығы жөніндегі терең ойлары ешбір адамды жайбарақат қалдырмайды. 
§ 5. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы 
мен дамуындағы рөлі 
Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгерістерге түседі: ескі өмір 
құндылыктары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, дүниесезім мен дүниетаным өмірге 
келеді. 
Осы тұрғыдан карағанда, Қайта өрлеу заманы христиан дінінде үлкен өзгерістерді 
тудырды, өйткені моральдык жағынан азғындаған рим-католик шіркеуі халықтың 
санасында теріс баға алып, Римнен жіберілген әртүрлі аймақтардағы дін басшылары 
жемқорлық жолына тусіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде 
түсінілді. 
Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны 
орта ғасырлык схоластикалық бүркемдерден тазарту өзекті мәселелердің біріне 
айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-тәнін берген неміс теологы Мартин 
Лютер (1483-] 546 жж.) болды. 
М.Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы дәнекерлік 
қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның 
құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету ол жалғыз дін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет