Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет415/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
477 
деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол -ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл 
Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған 
барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті - бірінші дао ғана. 
Ал Дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дәні алатын болсақ, оның әрбіреуінің 
өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с. 
Енді Шығыс философиясынан Батыска назарымызды аударсақ, көне грек 
ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған 
Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек қана болмыс өмір 
сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ»- Яғни Дүниеде бар нәрсе - бар, жоқ нәрсе -- жоқ. 
Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид 
қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. 
Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, 
міне, дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни 
дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа 
айналуын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал 
дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста 
қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз - ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, 
абсолютті, өз-өзіне тепе-тең. 
Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы 
таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменид 
бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады, - деген 
пікір айтады. Яғни ойлау мен болмыс - бір-біріне тең. Сонымен Парменидтің 
болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, 
дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты. 
Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған 
негізделген әртүрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды. 
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан 
кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет