Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»


Отандық уатқыш-сұрыптағыш құрылғылардың сипаттамасы



бет79/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104

Отандық уатқыш-сұрыптағыш құрылғылардың сипаттамасы


Моделі

Өнімд ілік,


м3/
сағ



Жүктелетін кесектердің ең үлкен көлемі, мм

Дайын өнімнің мөлшері, мм



Қозғалтқ ыштард ың толық
қуаты, кВт

Масса
,


т

Алаңн ың мөлше рі, м

ДСУ-30


30


340


0... 5, 5 ... 20, 20... 40



98


48,8


2540


ДСУ-90

90

500

0... 5, 5 ... 20, 20... 40

332

144

4050

Тұрақты уатқыш-сұрыптағыш зауыттар əдетте ұзақ мерзім жұмыс істеп тұрған карьерлер мен қималарда пайда болады. Сондықтан технологиялық жағы жобаланады жəне оған арналған құрылғылар осы жерден алынатын шикізаттың ерекшелігін, оны қазудың жобалық дəрежесі мен оған қолданылатын құралдарды ескере отырып таңдалынады.

Тұрақты уатқыш-сұрыптағыш зауыттар дайын тас материалдарын өндірудің жылдық көлемі бойынша классификацияланады: өндірушілік көлемі аз зауыттар 50... 100 мың м3 өнімді жылына өндіреді; өнімділігі орташа зауыттар жылына - 100.250 мың м3; өнімділігі жоғары зауыттар жылына 250 мың м3 жəне оданда жоғары өнім өндіреді.


Технологиялық агрегаттарының орналасу тəсілі бойынша зауыттар патерлік жəне мұнаралы деп бөлінеді. Партерлік – барлық құрылғылар жердің деңгейінде орналасқан, мұнаралы – технологиялық бірізділікпен агрегаттардың тік орналасқан. Партерлік зауыттардың қызмет көрсетуі жəне жөндеу жұмыстарын жүргізуде жеңіл, бірақ үлкен аумақты алады. Бұл жер учаскесін пайдалану үшін жоғары жалдау ақысы кететінін білдіреді.


Мұнаралы зауыттар айтарлықтай аз орын алады, бірақ қызмет көрсетуі күрделі. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізгенде немесе агрегаттарын ауыстырғанда қымбат жүк көтергіш техниканы тартуды талап етеді. Бұдан басқа биік жəне эстетикалық талғамға сай келмейтін өнідірістік конструкцияларды елді мекендерге жақын тұрғызуға жергілікті құқықтық нормативтік актілермен тыйым салынуы мүмкін. Заңға қатысты жағдайлар ымыралы құрастыру сызбасын жаппай таратуға əкелді. Бұл сызба партерлік жəне мұнаралы тəсілдің артықшылықтарын біріктіреді.


Ашық технологиялық циклді мекемелердің зауыттарға классификациялануы өзекті болып қалуда. Бұл орайда ірігабаритті қалдықтар үйіндіге тұйық технологиялық циклмен төгіледі. Осы жағдайда габаритті емес қалдықтар қайтадан ұсақталады. Ресурстарды жинақтау тұрғысынан тұйық технологиялық цикл ғана тиімді болып табылады.
Уатқыш-сұрыптағыш қондырғының немесе зауыттың жұмыс өнімділігі (Жзау) төмендегі арақатынас бойынша бағаланады:

235



мұнда, Жөнім – басты уатқыштың паспорттық өнімділігі; 0,8 – уатылатын материалдың ұсақталу, ылғалдылық, ірілік жəне кесектерінің пішінінің коэффициенті




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет