Жазықтыққа бұрғылау снарядынан бос бұрғылау қарнағы шығады. Ол арқылы кенжарға жуу сұйықтығы (əдетте қопарылатын жыныстың тығыздығына жақын, балшықты тығыз қоспа), ұңғыманы қопарылған өнімдерден тазалауға арналған су немесе ауа тартылады. Кейбір бұрғылау білектері қопарылған өнімдерді ұңғымадан шиыршық қарнақ арқылы тазалайды (тігінен бұрандалы конвейер нұсқасы). Немесе аумақтың геологиялық құрылысын зерттеуге қолданылған бұзылмаған құрылымның цилиндрлік түрімен тау жынысыншығарады.
219 Берік емес немесе тұрақсыз тау жыныстарын терең ұңғымаларда бұрғылау барысында қаптама құбыр қолданылады. Ол құбыр ұңғыма қабырғасын шөгілуден немесе құлаудан қорғайды, бұл бұрғылау қарнағының қысылуына немесе бұрғылау снарядын жоғалтуға əкеп соқтырады. Соңғы жылдары еңіс ұңғымаларды бұрғылауға арналған шағын бұрғылау қондырғылары кең қолданыс тапты. Ол ұңғымалар табиғи бөгеттер мен түрлі байланыс құралдарын траншейнсіз жүргізуге арналған жасанды құрылыс орындарында орналасқан (6.12 сурет).
Ұрмалы-айналмалы бұрғылау білдектері қатты жəне өте қатты жыныстарды бұрғылауға қолданылады. Тау жынысына бұрғылау снарядының қашауларын енгізу өсьтік күштің əсерінен жүзеге асырылады. Ол соққының жəне бұрғылау қаптамасының мəжбүрлі айналуының нəтижесінде
туындайтын жылжытқыш ұзақ мерзімді күштің əсерінен туындайды. Осы факторлардың өзара бірлескен əрекеттің нəтижесінде бұрғылау үдерісі жылдамдатылады.
сурет. Байланыс құралдарықабаттарын ұзақ мерзімді еңіс айналмалы бұрғылауға арналған құрылғы: