Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет82/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104
Асфальт араластырғыш қондырғылардың агрегаттары. Асфальтбетонды қоспаны даярлау технологиялық үдерісі синхронды əрекет ететін оның құрылымдық бөліктерін даярлайтын үш жолақты қамтиды. Битумды даярлау жолағы оның қорын сақтауды, аққыштық күйіне дейін қыздыруды, сорғытуды, жұмыс температурасына дейін қыздыруды жəне мөлшерлемені беруді қамтиды. Тас материалдарын даярлау жолағы қиыршық тас пен құмның қорын сақтауды, олардың фракциялар бойынша алдын ала мөлшерлеуді, кептіру мен қыздыруға жіберуді, кептіру жəне қыздыруды, ыстық қиыршық тас пен құмды сұрыптауға жіберуді жəне фракциялар бойынша сұрыптауды қамтамасыз етеді. Минералды ұнтақ даярлайтын жолақ оның сақталуын жəне мөлшерлеуге жіберілуін қамтамасыз етеді. Барлық үш даярлау жолағы да құрамдас бөліктерін мөлшерлегіш жəне қозғалтқыш, дайын қоспаны түсіретін араластырғыш агрегаттатаусылады.
Битумды даярлау жолағы битумсақтағыштан, қыздырғыштардан, құйғыш сорғыштардан, битум еріткіштерден, шұра жəне кран, жылу оқшаулағыш немесе жылытқышы бар құбыр желілерінен тұрады. Битумсақтағыштар уақытша жəне тұрақты болады, олар жерасты, жартылай жерасты жəне жер үсті деп бөлінеді. Ашық сақтау орындары битумды суланудан сақтайтын шатырмен жабдықталады. Қалыпты температурада битум жоғары жабысқақтық қасиетке ие болып, өзге бөтен заттарға жабысады.
Бұл қоймадан битум массасының бөліктерін таңдауды жəне оны тасымалдауды қиындатады. Бұл мəселені битумды сұйық күйге дейін қыздыру арқылы келтірумен шешеді.
Битум сақтау орындары жалпы жəне тұрақты жылытқыш (7.3 сурет) болады. Жалпы жылытқышты битум сақтау орындарында битум су түбіндегі жылытқыштармен қыздырылады жəне жанасшұңқырға ағады, ол жерде тістегерішті сорғы арқылы айдалып шығарылады. Тұрақты жылынатын битум сақтау орындарында битум битумның үстіне түсірілетін жылытқыш құралдарымен қыздырылады. Ол құралдар оларды аздаған көлемде қоршайды да битум сол жерден алынады (7.4 сурет).
Тұрақты жылытудың артықшылықтары: сақтау қо2й4м0асының жоғары қабатынан таза битумды таңдап алу (су жəне өзге де қоспалар түбінде тұнады); үнемділігі жəне қыздырғышқа жанасқан битум ғана қыздырылатындықтан, жұмсалатын уақыттың үнемделуі; битумнан кез келген уақытта алынатын қыздырғышты жөндеудің жəне қызмет көрсетудің қарапайымдылығы.



    1. сурет. Битум сақтағыштың сызбасы:

а – жалпы қыздыру; б – тұрақты қыздыру; 1 – алғашқы қыздыру камерасы; 2 – битум тасығыш ашық вагон; 3 - ысырма; 4 жүк арба; 5 – екінші мəрте қыздыру камерасы;
6, 7 - қыздырғыштар


241




    1. сурет. Битумды жергілікті қыздыруға арналған қыздырғыш-айдағыш агрегат:

1 – құбырлы жылу алмастырғыштар; 2 – жақтауға жылу алмастырғыш регистрді бекіту қамыты; 3 - жақтау; 4 – жылутасығышты жылуалмастырғышқа жүргізу жалғама құбыры; 5 – сұйылтылған битумның жиынтық қорабы; 6 – сорғыштың жетегі; 7 – электрқозғалтқыштың монтаждау тірегі; 8 – агрегатты көтеруге арналған ілмек; 9 - электрқозғалтқыш; 10 – бағыттаушы жалғама құбыр; 11 – аралық тірек; 12 - төсем; 13 – битумды тістегерішті сорғыш

Битумды қыздыру үшін қыздырылған бу, ыстық су, органикалық жəне синтетикалық жылутасымалдағыштар, газды, инфрақызыл жəне термоэлектрлік қыздырғыштар пайдаланылады. Бұл қыздыру тəсілдерінің əрқайсысы артықшылықтар мен кемшіліктерге ие жəне олардың біреуін таңдауда нақты бір өндіріс орнынының технико-экономикалық мүмкіндік ктерінің сараптамасына сүйену керек.


Битумның сорғуы жəне 150... 180oC дейінгі жұмыс температурасына қыздырылуы битумқорыту орындарында жəне қыздырғыш-айналдырғыштарда жүзеге асырылады.
Битум судың булану температурасына дейін қыздырылады жəне түзету камераларында қыздырғыштан алшақтатылатын сулы будан тазартылады. Сорғытылған битум жұмыс
температурасына дейін қыздырылады. Одан кейін оның бір бөлігі араластырғыш агрегатқа жөнелтіледі. Ал қалған бөлігі өз температурасын сақтай жəне жаңа мөлшердің қыздырылуына ықпал ете отыра битум қорытқыштың ішінде айналады. Артық битум араластырғыш агрегаттың мөлшерлегіші арқылы дренажды құбыр желісі арқылы битумқыздырғыш агрегатқа кері қайтарылады.
Жолақтардың барлық агрегаттары бойынша битумның айналымы бойынша барлық дайындықтарды тістегерішті сорғы арқылы жүзеге асырады. Олардың өнімділігі (Пш.н..) келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда, z- тегершік тістерінің саны (z= 8, 10, 12); Днар – тегершіктің жоғары тістерінің диаметрі; Ьені – тегершіктің ені; n- тегершіктің айналу жиілігі, мин-1; рауқ – сорғыштың айқымды ПӘК (битумның температурасы 95°С болған жағдайда, поб = 0,7; 130oC- поб = 0,9 артық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет