Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: — кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.
CASE-STUDY (КЕЙС-СТАДИ) әдісі.
Кейс-технология
Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері.
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
практикалық жағдайларды зерттеу;
болған жағдайларды баяндау;
оқушылар проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.
Кейс-технологялардың негізгі мақсаты
оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;
әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету
Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған жағдаяттар бойынша жұмыс істелді. Кейстік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеді.
Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салады, сабақтың соңында тапсырманы қорытындылайды.
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:- Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.- Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.- Қосымшалар
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.- Жағдай моделін құру немесе таңдау.- Сипаттауды құру.- Қосымша ақпараттарды жинау.- Ақырғы мәтінді даярлау.- Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:
. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.
Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
Кейс-технология - ойдан шын және шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология.
CASE-STUDY (КЕЙС-СТАДИ) –функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы .
Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Белгілі жағдайды талдау – нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды терең және бөлшектеп талдау.
Кейс-стадияның мақсаты:
топ оқушыларының бірлесіп болған жағдайды талдау және практикалық шешім шығару.
Оқушыларға болған жағдайды толық мәлімдейтін мәтін ұсынылады.
Оқушылар жағдаймен танысады, оны өз-бетінше талдайды және оны шешудің бірнеше жолын табады.
үрдістің аяқталуы – ұсынылған алгоритмдерді бағалау және олардың ең үздігін таңдап алу
Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген:
мақсаттарды анықтау,
әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау,
қажет ақпарат көздерін белгілеу,
CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау,
сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау.
Кейс-стади әдісінің идеялары
әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын пәндерден білім алуға арналған;
үйрету оқушы мен оқытушының бірлесе шығармашылықпен айналысу дағдыларын қалыптастыруға негізделеді;
Әдісті қолданудың нәтижесі болып алған білімдері мен жұмыс жасау барысында қалыптасқан дағдылары есептеленеді.
Оқытушы - сұрақтарды қойып, жауаптарды ескеріп отыратын дискуссияны жүргізуші.
Жоспар:
1.Кейс –технологиялардың тарихы.
2. Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері
3. Кейс-технологиялардың негізгі мақсаты.
4. CASE-терді құрудың сатылары .
5. CASE-STUDY (КЕЙС-СТАДИ) –функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы .
КЕЙС-технологиялардың
тарихы
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Шет тілін үйретудегі инновациялық технология түрлері: кейс cтади технологиясы
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналды да дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты екені айқын. Сондықтан еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауыстырып жатырмыз. «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа технологияларын енгізу мәселесі қарастырылған [1, 104 б.].
XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деп атап өткен. Сондықтан оқыту әдістерін жетілдіру арқылы тіл үйренушілердің белсенділігін, қызығушылығын, ұғуын, ойлауын, іскерлігін арттыратын жұмыстарды көптеп іздестіріп, жүргізу қажет.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүруде және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген [2]. Қазіргі жаһанданған өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік даму жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беруде инновациялық технологиялар кеңінен пайдалану қажет етеді.
Осыған сәйкес қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютерлеу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Осы инновациялық технологияларды білім беруде қолдану, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, нарық саясатына жол ашылып, дүниежүзі мемлекеттерімен саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсуіне байланысты шетел тілінде қарым-қатынас жасау қазіргі заман талабының біріне айналып отыр.
Сонымен бірге, студенттер шетел тілін жетік білетін, өзінің тіл біліктілігін жоғары деңгейде көрсете алатын, болатын қиындықтарды сыни тұрғыдан шеше алатын, коммуникативті қабілеті дамыған болу керек. Ал сол талаптарды жүзеге асыруға инновациялық технологияларды тіл үйретуде қолдану мүмкіндік береді [3, 45 б].
Инновациялық технологиялар білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі жолы болып саналады. Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияларды пайдаланатын болсақ студенттерді қазіргі заман талаптарына дайындауға болар еді. Өмірде болып жатқан өзгерістер, айта кетер болсақ, соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесі және жаһандану әр азаматтың осындай қарқынды өзгерістерге дайын болуын және тез бейімделе алауын талап етеді. Қазіргі заман талабы тұрғысында студенттер жаңаша білім алуға құмар. Ендеше, студенттерге инновациялық технологияларын қолдана отырып білім алуға бейімділігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі шет тілін үйрету мақсаты- на жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары – өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады [4, 11 б].
Еліміздің білім беру мен ғылымдағы ең, алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Шетел тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын инновациялық технологияның түрлерін анықтап өтетін болсақ шетел тілін оқыту әдістемесінің маманы А.Н. Щукиннің еңбегін атап өтеміз. А.Н. Щукин өзінің «Современные интенсивные методы и технологии обучения иностранным языкам» атты еңбегінде шетел тілін үйретуде келесі инновациялық технология түрлерін атап көрсетеді: бірлестікте оқыту, жоба технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология, қашықтан оқыту, тілдік портфолио, тандем әдісі, кейс стади технологиясы және компьютерлік технология [5, 130 б]. Кейс стади технологиясына және оның маңыздылығына тоқталып кетсек.
Кейс стади технологиясы – арнайы модельденген немесе нақты өндірістегі жағдайларды талдау, мәселелерін анықтау, альтернативті шешімдер іздеу, мәселенің оптимальды шешімін қабылдау барысында қолдануға негізделген технология.
Кейс әдісі алғаш рет АҚШ-тың Гарвард университетінің құқық мектебінің оқу үрдісінде 1870 жылы қолданылған болатын, ал сол жердегі бизнес мектебінде 1920 жылдан бастап қолданыла бастаған. Оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс стади амал тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен ғалым Копленд ең алғашқылардың бірі болып өз еңбектерінде осы термин атауын пайдаланған екен (1921 ж.). Кейс әдісінің, осы термин атауының алғаш рет жан-жақты талқылануы да Гарвард университетінің бизнес жайлы жасаған еңбегінде көрініс тапқан (1925 ж.). Кейс стади әдісімен айналысатын Гарвард және Манчестер деп аталатын екі классикалық мектеп кейс стади әдісін терең зерттеумен айналысуда. Бірінші мектептегі кейс әдісінің басты мақсаты ретінде әділ шешімді табуға үйрету қарастырылса, екінші мектепте мәселелерді шешудің көптүрлілігі қарастырылады. Америкалық кейстердің көлемдері үлкен, мәтіндері 20-25 беттен тұрады, оған қосымша иллюстрацияланған 8-10 бет беріледі. Еуропалық кейстердің көлемі оларға қарағанда 1,5-2 есе кішірек болып келеді [6].
Гарвард бизнес мектебі оқу үрдісін ұйымдастыру барысында кейс әдісінің нақты мазмұнын сақтай отырып талдап-талқылаумен айналысады. Видеоматериалдарды, компьютерлік және бағдарламалық құрылғыларды пайдалана отырып оқушылардың қызығушылықтарын арттыру Гарвард мектебінің ең басты талабы. Статикалық мәліметтерге қарағанда Гарвард мектебінің немесе кез-келген бизнес мектебінің студенті білім алу барысында жүздеген кейс жасап шығарады екен, сонда жыл сайын бұл мектепте кейс жинағына еніп отыратын жүздеген жаңа кейстер мен оларды толықтырып отыратын әдістемелік құралдардың шығып отыратынына көз жеткізуімізге болады.
Манчестер мектебі ХХ ғасырдың басындағы Гарвард бизнес мектебінің идеяларын ары қарай дамытушы мектеп болып табылады, олар Гарвард мектебі негізін қалаған кейс әдісінің теориялық негіздеріне сүйенеді, бірақ басқа қырынан дамытуды қарастырады. Бұл мектеп өкілдері осы әдіс туралы теориялық білімдердің аясында қалып қоймай, оны практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамытуды басты талап етіп қойған. Манчестер мектебі Гарвард мектебіне қарағанда жағдаяттарды қысқаша сипаттауды, олардың шешімдерін тез әрі ашық түрде табуды және талқылауды топпен жүргізуді ұсынады.
Қазіргі заманғы оқу әдістемесінде кейс стади амал-тәсілдерін жан-жақты зерттеп, оларды қолданысқа енгізуді қарастырып жатқан көптеген ғалымдар бар. Солардың қатарында С.Д.Смирнов, М.В. Антипина, Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, М.В. Кларин, А.И. Наумова, Б.Н. Кисилева, Г.А. Полонский, И.Уилсондардың есімін атап өтуге болады.
Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің реальды немесе қиялдық, яғни алдын-ала құрастырылған жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі және т.б шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Сонымен қатар студенттердің бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыруға, әртүрлі проблемаларды талдауға және оларды шеше білу қабілетін дамытуға және ақпаратпен жұмыс жасауды үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. С.Д. Смирновтың пікіріне сүйенетін болсақ, «в кейсе (буквально-частный случай, конкретное дело) описывается конкретная ситуация, которая могла иметь место или реально происходила. Рассматриваются факты, решения,принятые в течение определенного времени, которые описываются не как абсолютно исчерпыващие, а скорее как система ориентиров. Недостающую информацию участники обсуждения и принятия решения (включая студентов) могут домысливать и строить на основе этого прогноза» [7, 201].
Кейс – бірегей ақпараттық кешен, ережеге сәйкес ол үш бөліктен тұрады: кейсті талдауда қолдануға болатын қосымша ақпараттар, нақты жағдаяттар сипаттамасы және кейске арналған тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |