Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет221/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   297
 
246
Сӛйлеу жоспарын дҧрыс жасау ҥшін, оқу қҧралының осы тарауында 
ҧсынылған ақпаратты пайдаланыңыз.
ЖАЗБАША КОММУНИКАЦИЯ: ҚАСИЕТТЕРІ 
ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ 
Адамдардың ҧйымдағы қызметін іскерлік қҧжаттармен жҧмыс 
жасаусыз, хат алмасусыз елестету мҥмкін емес. Қызметтік 
қҧжаттарды жасауға және олармен жҧмыс істеуге басқару 
қызметкерлерінің кейбіреуі жҧмыс уақытының 30 бастап 70 дейін 
шығындайтыны есептелген.
Іскерлік салады жазбаша коммуникацияның әр тҥрлі тҥрлері 
пайдаланылады, алайда, олардың ең таралған тҥрі кейде «шағын 
қатынасу» деп атайтын қызметтік хат алысу болып табылады. 
Іскерлік хат алысу тҧтынушылармен, іскерлік серіктестермен, 
клиенттермен берік байланыстар орнатуға, ҧйымның әр тҥрлі 
қызметтері мен бӛлімшелерінің ӛзара әрекеттесуін жақсартуға, 
сонымен қатар, менеджмент сапасын жақсарту мен фирма 
айналымын арттыруға кӛмектеседі.
Д.М.Лэйхифф 
және 
Дж.М.Пенроуз 
жазбаша 
коммуникацияларды тиімді ететін 10 т ә н е р е к ш е л і к т і
қарастырады. Оларды толығырақ қарастырайық.
Әдептілік. Біреуге хабарлама жіберуден бҧрын, мақсатты 
аудиторияны, 
яғни, 
хабарламаны 
қабылдайтын 
адамның 
ерекшеліктерін талдау: оқырманның бейнесін қалыптастыру, оның 
білім деңгейін елестету қажет. Хат стилі бҧл ерекшеліктерді есепке 
алуы және орынды болуы тиіс.
Хатта нақты адамға жҥгіну қабылданған. Хаттың тым жоғары 
немесе тым тӛмен стилі оқырманды қорлауы мҥмкін. Әдепсіздік хат 
авторы сҧрақ мәнін емес, әсер қалдырғысы келген кезде байқалады. 
Ол адамды шатыстырып, тиімсіз жауапқа әкелуі мҥмкін. Әдепті 
жазылған хат нақты тҧлғаға жҥгінеді. «Қҧрметті қызметкерлер 
жӛніндегі менеджер» орнына «Қҧрметті Владимир Григорьевич» 
деп жазған жӛн. Әдептілік серіктестерді жыныстық белгісі бойынша 
кемсітуге жол бермеуды тҧспалайды. Мысалы, «студент 
проблеасын курс кураторына шағымын баяндау арылы шешуге 
тырысуы 
тиіс» 
мәтінінде 
студент 
қыздардың 
мҥдделері 
қозғалмаған, ол оларды ренжітуі мҥмкін. 
Бҧл проблеманы жою ҥшін келесі мҥмкіндіктерді пайдалануға 
болады.
«Адам» сӛзін пайдалану. Мысалы:
■ 
Кемсітетін сӛздер: «Бизнесменмен кездесуді белгілеген кезде, 
уақыт маңыздылығын есте сақтаңыз»;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет