Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет223/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   297
 
248
Даралық. Ол іскерлік серіктестерге хат жазу кезінде «мен», 
«біз» есімдіктерінің орнына «Сіз», «Сіздің» есімдіктеріне ерекше 
кӛңіл бӛлуді тҧспалайды, яғни, «Мен алғысымзы білдіргім келеді» 
орнына «Кӛрсетілген қызмет ҥшін Сізге алғыс білдіреміз» деп 
жазған немесе «Қҧжаттарды пошта арқылы жолдадық» орнына 
«Қҧжаттарды пошта арқылы аласыз» деп жазған жӛн. Іскерлік хат 
алмасуда «Сіз» және «Сіздің» сӛздері пайдаланылғанда, ол 
оқырманның назар тҥйінін хабарламаның ӛзіне аударады.
Хатта бір немесе екі рет хабарлама жолданған серіктестің 
маңыздылығын ерекше кӛрсету ҥшін, оның есімі аталуы тиіс.
Хаттағы әдепті және дара қатынасу стильдері ӛзара байланысты. 
«Біз» және «мен» есімдіктерін пайдаланудың баламасы олардың 
орнына компания атауларын немесе бӛлімге сілтемені пайдалану 
болуы мҥмкін. Мысалы, «МАКСИДОМ компаниясы Сізді сатып 
алушы ретінде бағалайды» немесе «Әлеуметтік менеджмент 
кафедрасы Сіздің қаншалықты білікті маман екеніңізді біледі», 
«Математикаға бейімделген мектепте Сіз ҥздік маман болып 
саналасыз».
Позитивтік. Адамдардың Сіздің хатқа жауап реакциясы Сіздің 
олармен орнатқан коммунтикативтік климатқа байланысты. Климат 
позитивті және негативті болуы мҥмкін. Іскерлік хатты жазған кезде 
барынша кӛп ықылас білдіру және ӛзара әрекеттесу ҥшін жағымды 
климат тудыру маңызды. Бҧл мақсатта «кешіктіру», «болмайды», 
«мҥмкін емес», «жайсыздық», «қиыншылық», «келіспеушілік» және 
«тҥсінбестік» сӛздерін пайдаланудан аулақ болу қажет. Негативті 
мысал: «Біз сәрсенбінің екінші жартысынан ерте кездесе 
алмаймызз», позитивті: «Біз сәрсенбі кҥні сағат екіден кейін кездесе 
аламыз».
Позитивті климат іскерлік серіктестер қатынастарында 
позитивті тон пайдаланылатынын білдіреді. Мҧқият таңдалған
сӛздерден басқа, акценттер мен логикалық екпіндер пайдалану 
мақсатқа лайықты. Әрқашан алдымен нашар хабарларды келтіру, 
содан кейін жақсыларына ауысу дҧрыс, оқырман серіктес әдетте 
ауызша коммуникациядағыдай, соңында айтылғанды есте сақтайды, 
оның ҥстіне, нашар хабарлар мәлім болады. Ауысуды жҧмсарту 
ҥшін реверсивті (лат. reversus— кері) деп аталатын арнайы сӛздерді 
пайдалануға болады.
Реверсивті сӛздер мысалдары: «алайда», «сонымен бірге», 
«басқа жағынан», «сол уақытта», «ӛкінішке орай». Аталған 
сӛздердің арасынан «ӛкінішке орай» сӛздерін пайдаланбаған жӛн, 
себебі ол әдетте негативті хабарламалар алдында пайдаланылады.
Хаттың максималды конструктивтігіне жетудің басқа тәсілі —
ақпаратты сәйкес орналастыру арқылы акценттерді дҧрыс қою. Хат 
басында және соңында келтірілетін мәлімет оқырманның ең кӛп 


249
назарын аударатынын есте сақтау қажет. Сондықтан егер біз 
негативті ақпаратты хат ортасына орналастырсақ, оған барынша аз 
кӛңіл аударылады. Жазбаша коммуникацияда сондай-ақ кӛп 
еселенген акцент әдісі пайдаланылады, яғни позитивті хабарламаны 
сол сӛздермен және басқалар бір хат бӛлігінің аясында қайталауға
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет