Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет117/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

Стилистикалық кедергі. Стиль — ақпаратты ҧсыну 
нысанының оның мазмҧнына қатынасы: сӛздерге «қапталған» 
ақпараттың стильдік сипаттамалары оны қабылдауға кедерді 
жасауы мҥкін. Стиль тыс ауыр немесе жеңіл, оқиғаға және 
сҧхбаттастың ниетіне сай келмейтін болуы мҥмкін.
Мысалы, А.С.Пушкиннің балықшы мен балық туралы ертегісін 
келесідей мазмҧндаудың стилистикалық кедергіні тудыруы сӛзсіз: 
«Пушкиннің алтын балықты босату жағдайында шал пайдаланбаған 


127
 
шамалы қҧн беруді уәде еткен кӛрінісі ӛте маңызды. Кемпірдің 
балықтың ҧсынған қҧнын шал қабылдамауы туралы тҥсініктемесіне 
қайтарған жауабы да маңызы жағынан кем емес, кемпірдің шалға 
қатысты оны балағаттайтын бір қатар вульгаризмдерді айтуы шалды 
ескі кірлен туралы сҧраққа арналған, балықпен қайта кездесуге 
итермеледі».
Стилистика тіл қҧралдарының айқындылығы ҥшін жауап береді. 
Оған тым еркін қарау ӛзіндік стилистикалық кедергілердің пайда 
болуына әкеледі. Жақсы қабылдану ҥшін, ақпаратты, негізгі 
дәлелдерді, аргументтерді баяндау, ақпаратты ӛзара байланысты 
болатындай және бір ойдан басқасы шығатындай етіп қҧрылымдау 
қажет.
Ақпаратты қҧрылымдаудың екі негізгі тәсілі бар: шек ережесі 
және тізбек ережесі.
Неміс психологы Герман Эббингауз XIX ғ. соңында қатар 
факторын белгіледі: кез келген қҧрамды кез келген ақпараттың 
басы мен соңы жадыда ортасына қарағанда жақсы сақталады.
Шек ережесінің мәні кез келген сҧхбаттың басы мен соңы анық 
жиектелген, қҧрылымды белгілейтін шекке салынған болуы 
тиістігінде. Басында, әдетте, мақсаттар мен ниеттер, ҥміттер мен 
перспективалар, мҥмкін нәтижелер айтылуы, ал соңында нәтижелер, 
іске асырылған немесе асырылмаған болжамдар бойынша 
қорытындылар жасалуы, ретроспектива кӛрсетілуі тиіс. Ақпаратты 
мҧндай қҧрылымдау оны жақсы тҥсіну мен қабылдауға ғана емес, 
есте сақтауға да кӛмектеседі.
Коммуникацияда кӛптеген әйгілі шешендер пайдаланатын 
психологиялық феномен бар: адамдар жоғары айтылғандай, ең 
жақсы басы мен соңын есте сақтайды, бҧл ретте басы ҧнату немесе 
ҧнатпауды анықтайды, ол ӛз кезегінде, тыңдауға және серіктеске 
деген сенімге әсер етеді. Ақпаратты аяқтаушы соңы жадыда қалады, 
демек, сӛздің соңында айтылған қорытындылар, ҧсыныстар – 
аудитория есте сақтайтын негізгісі.
Адамдардың қатынасуында әдетте шектер жиі бҧзылады. 
Практиктер айтқандай, кейбір серіктестер бір ниетке қатысты 
әңгімені бастап, жиі оны ҧмытып кетіп, оны мҥлдем басқа себеппен 
аяқтады. Әңгіме барысындағы осы ауысудан кейін қатынасу кӛбі 
ҥшін қанағаттанарлық емес болады: не туралы келіскендері, қандай 
нәтижеге келгенін, бҧл әңгімені не ҥшін бастағаны белгісіз.
Тізбек ережесі «ішкі» қҧрылымдауды анықтайды, ақпараттың 
қҧрылымын «ішінен» белгілейді. Сӛз сҧхбаттастар ҥшін маңызды 
ақпарат нысаны мен мазмҧны бойынша әр тҥрлі мәліметтің пішінсіз 
жинағы тәрізді болмауы тиістілігі туралы, олар тізілуі, қандай да бір 
белгілер бойынша тізбекке бірігуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет