Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»


■  ойды тыңдаушылар алынатын ақпаратты ӛз проблемаларымен  және толғануларымен байланыстыратындай етіп баяндау; ■



Pdf көрінісі
бет211/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   297
■ 
ойды тыңдаушылар алынатын ақпаратты ӛз проблемаларымен 
және толғануларымен байланыстыратындай етіп баяндау;
■ 
сӛздің негізгі бӛлігіне орталық идеяны, негізгі ойларды және 
растаушы 
материалдарды: 
дәйексӛздерді, 
баламаларды, 
статистиканы енгізу;
■ 
тыңдаушылардың жеке уәждерін, олардың мҥдделерін қозғау;
■ 
ойды анық, бейнелеп және эмоциялық білдіру;
■ 
аудиторияны нақты прагматикалық әрекеттерге бағыттау;
■ 
логикалық мінсіз дәлелдемені пайдалану, бҧл ретте 
тыңдаушылардың эмоциялық мәдениетін, олардың сенсорлық 
арналары мен нанымдарын есепке алу;
■ 
сӛйлеушінің негізгі ойларының реттілігі келесі схемаларға сай 
болуы тиіс: хронологиялық, тақырыптық, кеңістікті, логикалқ.
Мамандар 
бҧзылуы 
аудиторияны 
теріс 
айналдыруы, 
тыңдаушыларды жалықтыруы және байланыс жоғалтуға, демек, 
деструктивті (бҥлдіргіш) (шиеленісті) ӛзара әрекеттесуге әкелуі 


235
 
мҥмкін бірнеше ережені ҧсынады. Мҧндай жағдайға жол бермеу 
ҥшін, сӛйлеушіге келесі е р е ж е л е р д і орындау қажет:
■ 
ӛз маңыздылығын кӛрсетпеу. Ол ҥшін "мен" есімдігінің орнына 
"Сіз-тәсілдемесін" пайдалану қажет, яғни, "Сізге қызықты болады", 
"Сіз біле аласыз"; 
■ 
сӛзді кешірім сҧраудан бастамау (мысалы: "Уақытыңызды 
бӛлгенім ҥшін кешірім сҧраймын"). Егер кешірім сҧрау қажет 
болса, оны сӛйлеушіні таныстыратын адам сҧрасын; 
■ 
ауызша тҥрде айтылатын фактілер мен сандарды асыра 
пайдаланбау. Қажетті материалды визуалды тҥрде ҧсыну мақсатқа 
лайықтырақ; 
■ 
әдеби емес сӛздерді, кҥрделі кәсіби терминдерді, қарапайым 
сӛздерді пайдаланудан аулақ болу. Нақты аудитория ҥшін оған 
тҥсінікті тілдегі стандартты сӛздерді пайдалану қажет; 
■ 
орынсыз, оның ішінде ҧятты қалжыңдар, анекдоттар мен 
оқиғаларды әңгімелемеңіз. Сол уақытта кәсіби деңгейде уақытында 
айтылған дҧрыс әзіл жақсы қабылдануы және пайдалы болуы 
мҥмкін; 
■ 
ӛзара әрекеттесу қатысушыларының ерекшеліктеріне, әсіресе, 
діни, нәсілдік, жастық, гендерлік (жыныстық) тиістілігіне қатысты 
ескертулер жасамау. Егер сіни бірдеңе айту қажет болса, 
сыпайылықты сақтап, сынды барлық ӛнер заңдарымен, яғни
«Legeartis» айтқан жӛн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет