2.5.3. Каскад аралық байланыс тәсілдері
Бір күшейткіштің шығар орны келесісінің кірмесіне қосылған
85
жағдайда, екі күшейткіш бір-бірлерімен байланысқан болады. Әртүрлі
күшейткіш каскадтарды жалғау үшін пайдаланылатын сызбалар, байланыс
тәсілдері деп аталады.
Үш байланыс тәсілі қолданылады:
■
RC-байланыс;
■
тікелей байланыс;
■
трансформаторлық байланыс.
RC-байланыс. Егер, сигнал көзі транзистор базасына айырушы
конденсатор арқылы қосылатын болса, онда бұл конденсатор базалық
резистормен бірге RC- байланысты құрайды. Айырушы конденсатор
сызбаға тұрақты тоқтың өтуінің алдын алады және ауыспалы тоқ сигналын
өткізеді. Егер, конденсатор сыйымдылығы дұрыс таңдалған жағдайда,
ондағы
ауыспалы
кернеудің
төмендеуі
мүмкіндігі
өте
төмен.
Конденсатордың тұрақты тоқты бұғаттау қабілеті, көп каскадты жүйлер
үшін аса оңтайлы болып табылады. RC- байланыс дискреттік элементтері
бар сызбаларда кеңінен пайдаланылады. RC- байланысының кемшілігі,
оның жұмыс жиіліктеріне шектеу қоятындығында болып табылады.
Бұдан бөлек, сыйымдылық және тиісінше, конденсатордың көлемдері
төменгі жиіліктер үшін өте үлкен болулары мүмкін. RC- байланыс
интегралдық жүйелерде сирек пайдаланылады, өйткені конденсаторларды
кристалдарда құрастыру аса қиын.
Тікелей байланыс. Тікелей байланыс барысында бір каскадтың
шықпасы келесі каскадтың кірмесімен электрлік жалғанатын болады.
Сонымен бірге, одан кейінгі каскадқа ауыспалы тоқтың, сонымен қатар
тұрақты
тоқтың
да
сигналдары
берілетін
болады.
Айырушы
конденсаторлардың болмауы себепті, тұрақты тоқтар мен кернеулердің де
артулары мүмкін, бұл қажет емес нәтиже болып табылады. Тікелей
байланыстың басқа кемшілігі, төменгі жиіліктегі шуылдар да каскадтан
каскадқа беріледі және күшейеді. Бұл құбылыспен күресу тәсілдерінің бірі
— күшейткіштердің дифференциалдық сызбаларын қолдану болып
табылады. Тікелей байланыс интегралдық сызбаларда, операциялық
күшейткіштерде және дифференциалды күшейткіштерде қолданылады.
2.8-ші мысал. 2.18-ші суретте көрсетілгендей, тікелей байланысы бар
биполярлы транзисторларда екі каскадты күшейткіш бар дейік. Қос
транзисторда да U
БЭ
= 0,7 В. Кедергілер ұсынылған: R
К1
= 4 кОм, R
Э1
= 700
Ом, R
Э2
= 3,3 кОм. Күшейткіштің қуат беру кернеуі 12 В. Күшейткіштің
кірмесіндегі +2,1 В кернеу берілуде. Шықпадағы кернеу U
шығ
= +5 В
болатындай, R
К2
резистор кедергісін табу.
2.18- сурет. Тікелей байланысты екі каскадты күшейткіш
Достарыңызбен бөлісу: |