с — бәсеңдету коэффициенті;
m = 1 — бір кезеңді түзеткішке
арналған,
m = 2 — екі кезеңді түзеткішке арналған;
f — кіру кернеуі
жиілігі;
R н — кедергі жүктемесі.
Бір кезеңді түзеткішке арналған
к с бәсеңдету коэффициентін 15-150
диапазонында, екі кезеңді түзеткішке арналғанын — 7-70 аралығында
таңдайды. (9.21) формулада
R н бөлгіште тұрғандықтан, жүктеме
кедергісінің ұлғаюымен таңдап алынған конденсатордың бәсеңдетуші
әрекеті жақсаратын болады.
3.4.
Трансформаторы, бір жарты кезеңді түзеткіші, бәсеңдетуші сүзгісі және кернеу тұрақтандырғышы бар электр қуаты көзі. Алдыңғы сызбалар шығу кернеуінің тұрақтылығын қамтамасыз
етпейді. Сондықтан, электр қут беру көзінің сызбасын кернеу
тұрақтандырғышпен толықтырады. Қарастырылып отырған сызбада (9.21-
ші сурет) кернеу тұрақтандырғыш ретінде стабилитрон пайдаланылады.
Шығу кернеуінің осциллограммасы 9.20, б суретінде ұсынылған.
Осциллограммадан көрініп тұрғандай, қорытындысында жақсы нәтиже
алынды, яғни шығу орнында тұрақты кернеуге қол жеткізілді. Бұл
сызбаны қуат беруші кернеу сапасына сезімтал жабдықтардың электр
уаттары үшін пайдалануға болады.
XSC1
9.19-шы сурет. Бір жарты кезеңді түзеткіші және сыйымдылық сүзгісі бар
электр қуат көзі.