Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет265/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1.
Тігін бұйымдарын өңдеудің технологиялық реттілігі 
дегеніміз не? Ол қандай мақсаттар үшін құрастырылады? 
2.
Тігін өндірісін ұйымдастырудың қандай нысандарын 
білесіз? 
3.
Тігін өндірісінің ағынын ұйымдастырудың негізгі 
принциптерін тізіп шығыңыз. 
4.
Тігін өндірісі ағынының маңызды көрсеткіштерін атаңыз. 
5.
Тігін өндірісі ағындарының қандай типтерін білесіз? 
Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз. 
6.
Тігін өндірісінің ағынын жобалау кезіндегі жұмыс 
кезеңдерін көрсетіңіз. Бұл кезеңдерге қандай жұмыстар 
кіреді? 
7.
Ағынды алдын ала есептеудің мақсаты қандай? 
8.
Еңбек бөлінісінің схемасын құрастыру процесі қандай 
жұмыстардан тұрады? 
9.
Цехтағы ағынды жоспарлау кезеңдерін тізіп шығыңыз. 
10.
Көп модельді ағындарды жобалау ерекшеліктері қандай? 


6.1.
КИІМДІ ЖЕКЕ ТАПСЫРЫС БОЙЫНША 
ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ 
ЖОБАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТҰРМЫС ПЕН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫНДАҒЫ 
КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУ
 
Тұрмыс пен қызметер саласының кәсіпорындарындағы киім 
өндірісі халықтың тігін бұйымдарына деген қажеттіліктерін 
қанағаттандыруда ерекше орынды иеленеді. 
Тұрмыс пен қызметтер саласындағы кәсіпорындар қызметінің 
ерекшеліктері дара бағыт-бағдар, сонымен қатар тапсырыс 
берушінің қызмет көрсету процесіне жеке қатысу мүмкіндігі болып 
табылады. 
Халықтың едәуір бөлігінің тұрмыспен қызметтер саласындағы 
кәсіпорындарға 
жүгінуі 
киімді 
жеке 
тапсырыс 
бойынша 
дайындаудың оны сатып алудың басқа нысандарының алдындағы 
белгілі бір басымдықтарымен түсіндіріледі. Бұл басымдықтарға 
киімді тапсырыс берушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып 
дайындау мүмкіндігі және ең сәнді пішімдегі киімдерге тапсырыс 
беру мүмкіндігі жатады. Тұрмыс пен қызметтер саласындағы 
кәсіпорындар мұндай тапсырыстарды өндірісті ұйымдастыру 
ерекшелігінің және оларға ғана тән технологияларды, бұйымды 
жобалау мен пішудің аса дара сипатының арқасында орындайды. 
Тұрмыс пен қызметтер саласындағы кәсіпорындардың жобалау 
ерекшелігін анықтайтын негізгі факторлар: 

әрбір тапсырыстың дара сипаты. Кәсіпорында бір уақытта 
әртүрлі материалдардан әртүрлі модель мен әртүрлі өлшемдегі 
бұйымдар дайындалады; 

тұрмыс пен қызметтер саласындағы, жеке тапсырыс бойынша 
киім дайындайтын кәсіпорындардың салыстырмалы түрде 
шағын қуаттылығы; 

жеке тапсырыс бойынша киім дайындау процесінің үздіктілігі. 
Киімді бір немесе екі рет шақтап көріп дайындайды, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет