Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»


Егер нан бар болса, оны алу



Pdf көрінісі
бет15/142
Дата14.01.2022
өлшемі4,68 Mb.
#24019
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142
Егер нан бар болса, оны алу. 
3. 
Нансалғышты жабу. 
4. 
Әйтпесе дүкенге бару. 
5. 
Нан сатып алу. 
6. 
Нанды үйге алып келу. 
7. 
Нанды үстелге қою және т.б. 
Осылайша,  «егер»  сөзі  енгізілген  бірінші  шарт  негізгі  болып 
есептеледі.    Осы  шарттардың  орындалу  немесе  орындалмауына 
байланысты сіз не 3-әрекетке немесе 4,5,6-әрекеттерге өтесіз. 


19 
 
Әрекеттің бұл нұсқалары алгоритмнің тармақтары деп аталады. 
Кейбір  шарттардың  орындалуына  байланысты  әрекеттің  бірнеше 
нұсқаларының  біреуіне  ғана  таңдау  жүргізетін  алгоритмдер 
тармақталған  алгоритмдер  немесе  шартты  алгоритмдер  деп 
аталады. 
Әрбір  тармақ  қай  жерден  басталып,  қай  жерден  аяқталады?  Егер 
шартын  орындау  барысында  алгоритмдегі  әрекеттің  реті  қалай 
жазылса, солай орындалады, себебі оны бұзуға негіз жоқ. Сіз бірінші 
тармақты құратын әрекетті орындайсыз. Ол қай жерде аяқталады? Ол 
Егер  шарты  қарастырған  әрекетте  аяқталады,  яғни,  екінші  Әйтпесе 
шартының алдында.  
Ал  Егер  шарты  орындалмаса  ше?  Онда  әрекет  ретін  бұзуға  негіз 
пайда  болады.  Егер  шартының  орындалуын  (дәлірек  айтқанда 
орындалмауын)  тексергеннен  кейін  алгоритмде  Әйтпесе  шартынан 
кейін  тұрған  әрекетті  орындау    басталады,  яғни,  екінші  тармақ 
әрекеттері. 
Сонымен,  Егер  шартының  орындалуына  қарай  сіз  не  бірінші,  не 
екінші  тармақтағы  әрекеттерді  жасайсыз.  Ал  әрі  қарай  –  тағы  да 
түсініксіз: алгоритмді орындауды қай жерден жалғастырамыз, мысалы, 
бірінші тармақтың 3-әрекетінен кейін бе? Сіз ғой келесі алгоритмнің 7-
әрекет екенін, яғни, Нанды үстелге қою керектігін түсінесіз, ал мұндай 
жағдайда машина не істейді?  Ол түсіне алмайды ғой! 
Белгісіздікті  шешу  үшін  алгоритмге  алгоритмді  жалғастырудан 
тармақтарды  бөлетін  арнайы  көрсеткішті  енгізеді.  Әдетте,  мұндай 
нұсқаушы  болып  Тармақталудың  соңы  тіркесі  табылады.  Кез  келген 
тармақтың әрекетін аяқтаған соң, Тармақталудың соңы тіркесін іздеп 
табу керек және алгоритмді осы тіркестен кейінгі әрекетті орындаудан 
бастау керек 
Алгоритм келесі түрде көрінеді: 
1. 
Нансалғышты ашу. 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет