қашықтықтарда өлшенеді. Екінші жағынан, сыйымдылықты
кедергі Хс сызықты түрде пластиналар арасындағы қашықтыққа δ
байланысты болады:
,
1
S
C
X
C
мұнда ω - бұрыштық жиілік.
Сызықтық
өлшеулер
үшін негізінен дифференциалдық
сыйымдылықты
түрлендіргіштер
қолданылады
(8.15-сурет),
олардың қорек көзі кернеуінің, жиіліктің, қоршаған орта
температурасының тербелістеріне сезімтадығы төмен.
Сыйымдылықты аспаптарды əзірлеу кезінде сыйымдылықты
түрлендіргіштер өндірістік жиілікте шағын қуаттылыққа ие
болатындығын
ескеру
қажет.
Бұл
түрлендіргіштің
сыйымдылығының аса үлкен еместігімен түсіндіріледі, ал
сəйкесінше, оның реактивтік кедергісі өте жоғары болады.
Осылайша, мысалы, тетіктің сыйымдылығы 100 пФ болған кезде
оның реактивтік кедергісі 50 Гц қорек көзі кернеуінің жиілігінде
шамамен 3 · 10
7
Ом-ға тең.
Түрлендіргіштің жоғарғы кедергісі өлшеуіш сұлба тізбегінің
оқшаулағышың кедергісіне, сонымен қатар күшейткіштің кіріс
тізбегінің оқшаулағышының кедергісіне ерекше талаптарды қояды.
Осылайша, түрлендіргіш кедергісі 3 • 10
7
Ом болғанда көрсетілген
тізбектердің оқшаулағыш кедергісі 10
9
Ом-нан кем емес болуы тиіс.
Кері жағдайда сұлбаның жылыстау токтары түрлендіргіштің
өлшеуіш тогымен салыстырылатын болады.
Сондықтан да сыйымдылықты аспаптардың қорек көзі жоғары
жиіліктегі кернеудің арнайы көздерінен іске асырылады, бұл
түрлендіргіштің қуаттылығын біршама арттырады жəне оның кедергісін
төмендетеді.
Өлшеуіштік сұлбалар ретінде
сыйымдылықты
аспаптарда
көбінесе
көпірлік
сұлбалар
қолданылады,
кейде
беруші
генератордың
контурына
сыйымдылықты түрлендіргіштен
тұрады.
Бұл сұлбада сыйымдылық
өзгергенде генератордың жиілігі
ауысады.
Жиіліктің өзгеруі шамасы
бойынша
бақыланатын
бөлшектің
өлшемі
туралы
талқылауға
болады
Генераторлық сұлба көпірлікке
біршама сезімтал, бірақ барлық
мүмкін сыртқы құбылыстарға
біршама ұшыраған болады.
8.15-сурет.
Дифференциалдық
сыйымдылықты түрлендіргіштің
принципиалдық сұлбасы
148
Бұл аспаптарда өлшеуіштік дабылдың күшейткіші ретінде
жоғары кіріс кедергісі бар айнымалы ток күшейткіштері
пайдаланылады.
Электрондық
сұлбалардың
күрделілігіне
байланысты,
өлшеуіштік тізбектерді қорғауға сыйымдылықты аспаптар машина
жасаудағы кең қолданысты тапқан жоқ.
Бірақ та бұл аспаптардың айрықша артықшылықтары - біршама
кіші өлшеуіштік күшейткіштер, өлшеудің жеткілікті кең
диапазонындағы
жоғары
сызықтық,
контактісіз
өлшеулер
мүмкіндігі - машина жасаудағы бақылауды автоматтандыру үшін
ерекше қызығушылықты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: