Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет127/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

9.5.4. 
Электрондық таразылар 
Таразылар  оның  салмағын  өлшей  отырып  дене  салмағын 
өлшеуге  мүмкіндік  береді,  себебі  бұл  шамалар  өзара  P  = 
mgқатынасымен  байланысты.  Қазіргі  уақытта  таразылардың 
біршама кең таралған түрі электрондық таразылар болып табылады. 
Дене  салмағы  электрондық  таразылардың  салмақ  өлшеуіш 
тетігінің  серпімді  элементін  деформациялайды,  бұл  деформация 
əсерімен 
электрлік 
кедергіні 
өзгерту 
қасиетіне 
ие 
тензорезисторларға  жапсырылған  электрлік  кедергіні  өзгертуге 
əкеледі. 
Көбінесе  константаннан  -  мыс  пен  никель  қорытпасынан 
жасалған  жұқалтыр  тəріздес  тензорезисторлар  пайдаланылады. 
Күшейткіштен, ұқсас сандық түрлендіргіш пен микропроцесстордан 
тұратын  екіншілік  аспап  тетік  дабылын  өңдейді  жəне  сандық 
индикаторға 
нəтижені 
береді. 
Таразылар 
жүкқабылдағыш 
құрылғының 
түріне 
(мысалы, 
платформалық, 
бункерлік, 
монорельстік, ілмекті), өлшеу тəсіліне (статикалық жəне қозғалыста 
өлшеу  үшін),  өлшеу  нысандарына  (автомобильдік,  вагондық, 
крандық,  конвейерлік  жəне  т.б)  байланысты  əртүрлі  типтерге 
бөлінеді. 
Дискреттік  жүктерді  -  қораптарды,  қаптарды,  жəшіктерді, 
вагондарды,  автомобильдерді  жəне  басқа  да  көтергіш  заттарды 
өлшеу  кезінде  көбінесе  п л а т ф о р м а л ы қ  
т а р а з ы л а р  
пайдаланылады.  Олардың  ішіндегі  ең  кішкентайлары  -  дүкендік  - 
кішкентай платформаға ие (200 х 300 мм тəртібінде) жəне өлшеудің 
ең үлкен шегіне (ӨҮШ) 3, 6 немесе 15 кг ие. Ең үлкендері - 10-нан 
200  1-ға  дейін  ӨҮШ  бар  автокөліктік  жəне  вагондық    3  х  20  м 
дейінгі өлшемге ие. 
1  т-ға  дейінгі  ӨҮШ  бар  платформалық  таразылар  көбінесе 
платформа ортасында орнатылған бір ғана тетікке ие болады. Үлкен 
салмақты платформалар бұрыштар бойынша бекітілген төрт тетікке 
сүйенеді.  Ең  ауыр  таразыларды  тасымалдаудың  қолайлығы  үшін 
бірнеше модульден (платформадан) дайындайды жəне тетіктер саны 
сəйкесінше өседі. 
Механикалық 
таразылармен 
салыстырғанда 
электрондық 
таразылардың  басты  артықшылықтары  тек  қана  біршама  жоғары 
дəлдік, дайындау мен монтаждаудың қарапайымдылығы ғана емес, 
сонымен  қатар  келесілік  өңдеу  мен  талдау  үшін  жергілікті 
есептеуіш  желіге  өлшеу  нəтижелерін  беру  мүмкіндігі  болып 
табылады.  Бұл  үшін  таразылық  микропроцессорлық  терминал 
əдетте 
RS-232 
немесе 
RS-485 
интерфейстер 
бойынша 
компьютермен байланыс үшін жалғағышпен жабдықталады. 
Механикалық таразылардың алдында электрондық тензометрлік 
таразылардың тағы бір маңызды артықшылығы - бұл қозғалыстағы 
көлік құралдарын өлшеу мүмкіндігі. 
Автомобиль, автопойыз немесе теміржол құрамы баяу, 10 км/сағ 
мөлшердегі жылдамдықпен əрбір остің бекітуші салмағына 
169 


таразылар  платформасы  арқылы  өтеді.  Компьютер  арнайы 
бағдарламалар  көмегімен  вагон  типін  анықтайды  (егер  бұл  темір 
жол құрамы болса), қозғалыс жылдамдығын есептейді, жиынтықты 
массаны есептейді. 
Қозғалыс  кезінде  өлшеу  үшін  таразылардың  қателігі  əрине 
статикалықтан  қарағанда  жоғарады  жəне  пайыздың  бірнеше 
ондаған  үлестерінен  бірнеше  пайызға  дейін  өзгереді.  Әдетте, 
мұндай  таразыларды  жүктерді  коммерциялық  өлшеу  үшін 
пайдалануға  болмайды.  Көбінесе  олар  қозғалыс  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету  мақсатында  вагонның  немесе  автомобиль  осіне 
жүктемені анықтау үшін пайдаланылады. 
Отандық  өндірісті  арттыру  шамасы  бойынша,  əсіресе  қайта 
өңдеу 
өнеркəсібі 
мен 
технологиялық 
процесстерді 
автоматтандыруда біздің мамандарға көбінесе  дискреттік заттарды 
емес (қаптамалар, кесектер, блоктар жəне т.с.с), механика жағынан 
тұтас  орталарды  ұсынатын  сұйық  жəне  себілмелі  өнімдерді 
өлшеумен байланысты міндеттерді шешу керек болады. 
Үлгі  ретінде  сүтті,  күнбағы  майын,  сірнені  жəне  мұнай 
өнімдерін  сəйкес  өндірістерде  өлшеу  процесстерін  келтіруге 
болады.  Себілмелі  жүктердің  ішінде  көбінесе  ұнды,  дəнді,  қантты, 
құрама  жемді,  күнбағыс  тұқымдарын,  цементті  жəне  басқа  да 
құрылыс материладарын өлшеумен кездесуге болады. 
Мұндай  міндеттер  үшін  таразылардың  негізгі  санаты 
б у н к е р л і к   т а р а з ы л а р   болып  табылады.  Олардағы  жүк 
көтергіш құрылғы - салмақ өлшеуіш тетіктерде орнатылған немесе 
ілінген  цилиндрлік,  пирамидалық  немесе  призмалық  формадағы 
бункер. 
Өнімді  өлшеу,  əдетте,  өлшемі  таразылық  терминал  баптауымен 
берілетін  шамамен  бірдей  порциялармен  жүреді.  Өнімді  беру  мен 
шығару  үшін  бункер  жоғарғы  енгізетін  жəне  төменгі  шығаратын 
жапқыштармен  жабдықталған.  Жапқыштар  пневматикамен  немесе 
электрлік мотор-редукторлармен басқарылуы мүмкін. 
Іске  қосқаннан  кейін  таразылар  автоматтық  режимде  жұмыс 
істейді.  Өлшеу  циклінің  уақыты  бірнеше  секундтан  бірнеше 
минутқа  дейін  өзгеруі  мүмкін  жəне  өнімді  беру  қарқынына, 
бункердің 
сыйымдылығына, 
жапқыштың 
жұмыс 
істеу 
жылдамдығына  байланысты  болады.  Берілген  жиынтықты  дозаны 
өлшегеннен кейін таразылар автоматты түрде тоқтайды. 
Мұндай таразылардың ең типтік өкілдері элеватордан диірменге 
айдалатын  дəнді  өлшеу  үшін  пайдаланылатын  элеваторлық 
бункерлік  таразылар  болып  табылады.  Мұндай  таразылардың 
бункерлерінің сыйымдылығы 1 немесе 2 т тең, ал ең үлкен өнімділік 
150 т/сағатқа жетеді. 
себілмелі  өнімдер  мен  шикізаттардың  көптеген  түрлерін  өлшеу 
əдетте  сонымен  қатар  олардың  қоспасын  дайындаумен  жəне 
сəйкесінше  мөлшерлеумен  байланысты.  Бұл,  мысалы,  белгілі 
сұрыптағы ұнды алу  
170 


алдында    бидайдың  бірнеше  сұрыптарынан  ұн  тартуды  дайындау, 
құрама  жемді  жасау,  құрғақ құрылыс  қоспаларын,  асфальтты  жəне 
бетонды  өндіру.  Мұндай  мөлшерлегіштер  көп  компонентті  деп 
аталады. 
Мөлшерлегіштердің  тағы  бір  маңызды  санаты  -  бөлшектеп 
өлшеу.  Олар  əртүрлі  тағамдық  немесе  химиялық өнімдердің  қатты 
немесе  жұмсақ  тарасын  мөлшерлеу  мен  одан  кейінгі  қаптау  үшін 
пайдаланылады.  Дозалардың  өлшемдері  өте  кең  шекте  өзгереді  - 
бірнеше граммнан (шай, кофе, дəмдеуіштер) 1 тоннаға дейін («Биг 
бэг» типіндегі үлкен қаптар). 
Таразылық  құралдың  мұндай  көптүрлілігі  Ресейде  туындаған 
өнеркəсіпің  əртүрлі  салаларының  қажеттіліктерімен,  ең  алдымен, 
тағамдық,  қайта  өңдеу,  металлургиялық,  химиялық,  құрылыс 
материалдары  мен  шикізатты,  соңғы  өнімді  жəне  технологиялық 
процесстердегі  компоненттерді  мөлшерлеу  қажет  басқа  да 
өнеркəсіптегі қажеттіліктермен негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет