9.7.3. Себілмелі материалдардың деңгейін өлшеу Себілмелі материалдардың деңгейлерін түрлендіргіштері əртүрлі
форма мен өлшемдегі екі электрод болып табылатын аспаптар
көмегімен өлшейді (бақылайды). Электродтарды тікелей қорек көзі
тізбегіне немесе көпірлік сұлбаның иіндерінің біріне қосады.
Оларды беттен қажетті деңгейде материал деңгейін бақылайтын
сұйықтыққа орнатады. Қажет болғанда көпірдің өлшеуіш
диагоналінен алынатын кернеуді электрондық күшейткіштің
кірісіне береді, оның шығысында өлшеуіш аспап қосылған.
Себілмелі материалдардың деңгейлерін көп позициялық реттеу
əрекеті осы принципке негізделген. Өлшеуіш тізбектерді
қоректендіру үшін тұрақты ток көздерін пайдаланады.
Сұйық
жəне
себілмелі
материалдардың
деңгейлерін
қашықтықтан
үздіксіз
өлшеу
үшін
электростатикалық
түрлендіргіштері бар аспаптар кең таралымға ие болды. Оларда
деңгейді түрлендіру үшін сұйық жəне себілмелі орталардың
диэлектрлік
қасиеттерінен
түрлендіргіш
сыйымдылығының
тəуелділігін пайдаланады. Өлшеуіштік түрлендіргіштен алынатын
дабылдарды күшейту
181
үшін үлкен кіріс кедергісі бар электрондық күшейткіштер
қолданылады. Электростатикалық түрлендіргіштері бар деңгей
өлшегіштер ±2,5 % қателікпен 0-ден 10 м шегінде деңгейлерді
өлшеуге мүмкіндік береді.