Электр энергиясының үш фазалық есептеуіші. Бұл есептеуіш
екі элементті (үш сымды тізбектер үшін) немесе үш элементті (төрт
сымды тізбектер үшін) индукциялық аспапты көрсетеді. Мұндай
аспаптың жылжымалы бөлігі жалпы осьте бекітілген екі немесе үш
дисклер түрінде орындалған. Жылжымалы бөлікке əсер ететін
айналдырғыш момент əрбір элементпен жасалатын моменттердің
алгебралық жиынтығына тең. Бір дискісі бар екі элементті аспаптар
мен екі дисклері бар үш элементті аспптар магниттік жүйелердің
өзара əсерін жою қиын болғандықтан қолданылмайды.
Тағайындалуына байланысты өнеркəсіпте əртүрлі типтегі
индукциялық есептеуіштерді шығарады: белсенді энергияны - бір
фазалы СО (бір фазалы есептегіш), үш фазалы САЗ (үш сымды
тізбектер үшін) жəне СА4 (төрт сымды тізбектер үшін); реактивті
энергия үшін - СРЗ (үш сымды тізбектер үшін) жəне СР4 (төрт
сымды тізбектер үшін), сонымен қатар арнайы тағайыдалымдағы
есептегіштер. Бір фазалық тізбектерге арналған реактивтік энергия
есептегіштері шығарылмайды.