9.5.2 Радиоизотоптық таразылар Радиоизотоптық таразыларға абсорбциялық таразылар мен
сəулені шашырататын таразылар жатады. Әсіресе жалпақ
бұйымдардың (қағаз таспа, болат жолақ) салмағын үздіксіз өлшеуге
арналған изотоптық таразылар қолайлы. Сəуле көздері ретінде в-
жəне у- көздер пайдаланылуы мүмкін, ал детекторлар ретінде -
иондаушы камералар пайдаланылады.
9.5.3. Серіппелі және поршенді таразылар Серіппелі таразылар иінтіректі жүк қабылдағыш құрылғымен
жəне
құрылғысыз
шығарылады.
Түрлендіргіштер
ретінде
серіппелер пайдаланылады. Қайта жүктеулер форманың қалдық
өзгерістерін тудыратындықтан, серіппелі таразылар нөлдік күйді
жиі бақылау жəне жиі тексеруді қажет етеді. Жоғары дəлдікпен
өлшеу үшін еркін құлаудың жергілікті үдеуін ескеру қажет.
Поршенді таразылар гидравликалық жəне пневматикалық
жүйелер түрінде шығарылады. Олар əсіресе кең диапазонда
секірмелі түрде өзгеретін үлкен салмақтарды (күштерді) өлшеу
үшін қолайлы.
168