7.3.3. Тербелмелі жүйесі жоқ уақыт шамалары Уақыттың механикалық шамалары Су немесе құм
сағаттарда уақыттың шамасы ретінде ағатын (енетін) судың немесе
құмның массасы (көлемі) қолданылады. Ағын массасы шығыс
тесіктің диаметріне жəне тесіктен шығудағы қысымға байланысты
болады. Механотермиялық сағаттарда уақыт шамасы ретінде майлы
шамдардың, майшамдардың, жағатын шнурлардың, білтелердің
жану процессі пайдаланылуы мүмкін.
Жану процессінің ұзақтығы жанатын заттың химиялық
құрамына, оттегінің бағытына жəне жанарғының құрылымына
байланысты болады.