Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет9/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

1.2.  Құрылымы 
Өндірістік 
аспаптар 
мен 
автоматтандыру 
құралдарының 
мемлекеттік  жүйесіні  өндірісте  сериялап  шығарылатын  жəне  əртүрлі 
технологиялық  процесстер  мен  құралдарды  басқару  мен  бақылауды 
автоматтандыру үшін тағайындалған құралдар мен аспаптардың үлкен, 
күрделі жəне үздіксіз дамитын кешенін ұсынады. 
Ақпараттық  дабылдарды  тасымалдаушылардың  пайдаланатын 
энергиясының  түрі  бойынша  ӨАМЖ  -нің  құрылғылары  электрлік, 
пневматикалық,  гидравликалық  болып,  сонымен  қатар  қосалқы 
энергияны пайдаланбай жұмыс істейтін тікелей əрекет ететін аспаптар 
мен  реттегіштер  құрылғыларына  бөлінеді.  Әртүрлі  топтардың 
құрылғыларының  бірлескен  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін 
дабылдардың  сəйкес  түрлендіргіштері  қолданылады.  АБЖ-де  əртүрлі 
топ  құрылғыларын  бірлесіп  пайдалану  біршама  тиімдіс  болып 
табылады. 
Электрлік  аспаптардың  артықшылықтары  көпшілікке  белгілі.  Бұл 
бірінші  кезекте  жоғары  сезімталдық,  дəлдік,  жылдам  əрекет  ету, 
ақпаратты  беру,  сақтау  жəне  өңдеудің  қолайлығы.  Пневматикалық 
аспаптар жеңіл тұтанатын жəне жарылыс қаупі бар құралдарда қолдану 
кезіндегі жоғары қауіпсіздікті, ауыр жұмыс жағдайларында, агрессивті 
атмосферада  жоғары  сенімділікті  қамтамасыз  етеді.  Бірақ  та  олар 
жылдам  əрекет  етуі,  үлкен  қашықтыққа  дабылды  берудің  мүмкіндігі 
бойынша  электрлік  аспаптарға  орын  береді.  Гидравликалық  аспаптар 
атқарушы механизмдердің дəл орын ауысуды алуға мүмкіндік береді. 
Функционалдық-мақсаттық белгісі бойынша ӨАМЖ  төрт деңгейлі 
иерархиялық  құрылымды  ұсынады.  Төменгі  деңгейде  басқару 
нысанымен тікелей өзара əрекеттесуші процестер мен құралдарға əсер 
етуге  арналған  ақпараттарды  алу  құралдары  орналасқан. Олар барлық 
жоғарыда орналасқан құралдарды 
 
11 


ақпаратпен  қамтамасыз  етеді.  Екінші  деңгейде  жергілікті  бақылау 
мен  реттеу  құралдары  орналасқан,  олардың  көмегімен  қарапайым 
нысандар  немесе  автономдық  бақылауды  реттеу  жəне  күрделі 
нысандардың жекелеген параметрлерін реттеу жəне бақылаудың бір 
контурлы  жүйелері  іске  асырылады.  Әдетте,  бұл  құралдарды  бір 
немесе  бінеше  базалық  үлгілер  негізінде  құрылатын  парамтерлік 
қатарлар  мен  бірегейлендірілген  кешендер  құрамында  шығарады. 
Үшінші  деңгейде    нысанды  іске  қосу  мен  тоқтату  кезінде 
байланыстық  реттеу,  жасанды  өлшеулер,  көп  сатылы  қорғау  жəне 
логикалық  операцияларды  іске  асыруға  мүмкіндік  беретін 
орталықтандырылған 
бақылау 
жəне 
реттеу 
құрылғылары 
орналасқан.  Олар  бірнеше  жүз  бақыланатын  жəне  реттелетін 
параметрлері  бар  ТП  БАЖ  құру  үшін  тағайындалған.  Жоғарғы 
деңгейде  басқарудың  күрделі  алгоритмдері  бар  басқарушы 
есептеуіш  компоненттер  құрамында  жұмыс  істеу  үшін,  соның 
ішінде  оптимизациялау,  диспетчерлік  жəне  басқа  да  міндеттерді 
шешуге арналған автоматтандыру құралдары орналасқан 
Техникалық  құжаттамда  бұйымның  типі  -  құрылымдық 
орындалуы  бойынша  ұқсас  жəне  бірдей  негізгі    параметлеріне  ие 
əрекет  ету  принципі  мен  функционалдық  тағайындалымы  бірдей 
бұйымдардың жиынтығы сияқты жіктелімдік белгі біршама кеңінен 
пайдаланылады.  Типтің  құрамына  бұйымның  бірнеше  типтік 
өлшемдері  жəне  түрлері  немесе  орындалулары  кіреді.  Бір  типтің 
типтік  өлшемдері  негізгі  парамтердің  мəндерімен  ерекшеленеді 
жəне əдетте бір функционалдық бұйымдарда ерекшеленеді. 
Модификация  -  белгілі  құрылымдық  ерекшеліктерге  немесе 
басты емес параметрдің белгілі мəніне ие бір типтегі бұйымдардың 
жиынтығы.  Орындау  деп    əдетте  белгілі  құрылымдық 
ерекшеліктерге  ие,  олардың  эксплуатациялық  сипаттарына  əсер 
ететін  бір  типтегі  бұйыымдарды  айтады,  мысалы,  тропикалық 
немесе теңіздік орындалу 
Типтен  қарағанда  біршама  ірі  жіктелімдік  топтама  бұлкешен
Олар 
бірегейлендірілген 
жəне 
агрегаттық 
болады. 
Бірегейлендірілген 
кешенніңайрықша 
ерекшелігі 
кешеннің 
техникалы  құралдарының  кез  келген  үйлесімдігі  өзара  осы 
құралдармен  жаңа  функцияларды  іске  асыруға  əкелмейтіндігі 
болып 
табылады. 
Агрегаттық 
кешендерде 
техникалық 
құралдардың  үйлесімімен  жаңа  қызметтерді  іске  асыруға  болады. 
Қазіргі  уақытта  өнеркəсіпте  ақпаратты  алу,  сақтау,  өңдеу,  оны 
тапсыру, басқару жəне технологиялық процесстер мен нысандарды 
басқару  мен  зерттеу  жəне  т.с.с.үшін  тағайындалған  шамамен  30 
агрегаттық  кешен  шығарылады.  Электр  өлшегіш  техника 
құралдарының 
(ЭТҚАК), 
есептеуіш 
техниканың 
(ЕТАҚ), 
телемеханиканың 
(ТМАК), 
біріншілік 
ақпаратты 
жинау 
құралдарының  (БАЖҚ)  жəне  т.с.с  агрегаттық  кешені  біршама 
кеңінен пайдаланылады. 
 
12 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет