Ұзындықтың қырлы штрихтік өлшемдері оларға штрихтармен
немесе шкалалармен енгізілген əртүрлі қимадағы шыны немесе
металл қырларын ұсынады. Бұл шаралар сызықтық өлшемдерді
тікелей өлшеу үшін де, аспаптар мен станоктардың шкалалары
ретінде де қолданылады.
Қырлы штрихтік шамалардың негізгі типтері, параметрлері жəне
өлшемдері стандартталған. Өнеркəсіпте 6...20000 мм атаулы
ұзындықтағы қырлы шамалар шығырылады. Атаулы ұзындықтан
рұқсат етілетін ауытқулар шартты түрде 0-ден 5-ке дейін
белгіленетін дəлдіктің алты санатымен нормаланады. Ұзындықтың
қырлы шамлаарын бөлудің ең төменгі бағасы 0,01 мм.
Ұзындықтың жалпақ параллельдік шеттік өлшемдері(ҰЖШӨ)
бір бекітілген өлшемдегі ұзындық бірлігін шығарады жəне екі өзара
параллель өлшеуіштік беттері бар болат немесе қатты қорытпадан
жасалған тік бұрышты параллелипед түрінде орындалады.
Өлшеуіштік беттік арасындағы қашықтық жоғары дəлдікпен
анықталған жəне белгілі (8.1-сурет). Өлшеуіштік беттер басқа
шаманың беттерінен кіші кедір-бұдырлықпен ерекшеленеді, соның
арқасында ҰЖШӨ ысқылау қасиеттеріне ие, яғни өлшеуіштік
беттің бір шамасының басқа шамадағы өлшеуіштік бетпен тығыз
тіркелісу қабілетіне ие. Ысқылаушылық беттердің молекулярлық
өзара əрекеттесу күштерімен негізделген.
Бұл өлшеу құралдары 10-нан 112-ге дейінгі əртүрлі атаулы
шамалар санымен жиынтықта шығарылады. Өлшемдердің атаулы
мəндері
стандартталған,
сондықтан
да
өлшемдердің
ысқылауыштығы олардан қажетті өлшемдегі блок жинауға
мүмкіндік береді (0,1-ден 1000 мм дейін).
Дайындау дəлдігіне байланысты ҰЖШӨ 00; 01; 0; 1; 2; 3 дəлдік
санаттарына жатқызады.
Ысқылау алдында салыстыру үшін таңдалған өлшеу блоктарын
жақпадан тазалайды, жанармаймен жуады жəне таза сүлгімен
кептіріп сүртеді. Осыдан кейін өлшеу бетіне қол тигізуге болмайды.
Осылайша дайындалған өлшемдерді бір шаманы басқасына қою
немесе жылжыту жолымен ысқылайды. Өлшемдерді пайдаланудың
қолайлығы үшін ҰЖШО жиынтықтарына жабдықтардың аспаптары
жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: