90
5.3
-сурет.
Үш фазалы трансформатордың схемасы:
а – үш бір фазалы трансформатор; б – үші фазалы өзекті трансформатор
Трансформатордың əрбір фазасының жоғары (ВН) жəне төмен (НН)
кернеу орамдарын өзекте шоғырлас, бірінің үстіне бірі орналастырады.
Әдетте өзекке жақын НН орамын орналастырады.
Үш
фазалы
трансформатордың
жұмыс
принципі
мен
электромагниттік үдерістер бұрын қарастырылғандарға ұқсас. Үш фазалы
трансформатордың ерекшелігі – желілік
кернеулердің трансформация
коэффициентінің орамдарды жалғау тəсілінен тəуелділігі болып табылады.
Үш фазалы трансформатор орамдары «жұлдыз» немесе «үшбұрыш»
схемасы бойынша қосылады (5.4 сур.);
бұл ретте орамдарды қосу
схемалары бөлшекпен белгіленеді (алымында жоғары кернеулі орамдарды
жалғау схемасы, бөлімінде – төмен кернеулі
орамдарды жалғау схемасы
көрсетіледі). Үш фазалы трансформатордың екі орамын «жұлдыз» схемасы
бойынша қосу – ең қарапайым жəне арзан, қуаты аз жəне
орташа
трансформаторлар үшін қолданылады. Бұл қосылу жоғары кернеулерде ең
дұрыс, себебі мұндай схемада орамдар оқшаулауы
тек фазалық кернеуге
есептеледі. Неғұрлым кернеу жоғары жəне
тоқ аз болса, «үшбұрыш»
схемасы бойынша қосу соғұрлым қымбат. Орамдарды «үшбұрыш» схемасы
бойынша қосу үлкен тоқтарда құрылымдық тұрғыдан орынды.
Достарыңызбен бөлісу: