134
r
доб
кедергісін ұлғайтқан сайын жасанды механиклаық
сипаттаманың ординаталар осіне қатысты бұрылу бұрышы азаяды,
яғни
сипаттама жұмсарады, бұл жүктеме өзгерген кезде
қозғалтқыштың айналу жиілігінің ауытқуының ұлғаюына əкеледі.
Қозғалтқыштың айналу жиілігін реттеудің бұл тəсілінің
артықшылықтары - жүзеге асыру қарапайымдылығы жəне баяулығы
(реттегіш реостаттың сатылар санына байланысты). Бұл тəсілдің
кемшіліктері — реостаттағы r
доб
электр шығындарымен байланысты
үнемсіздігі, олардың шамасы зəкір тоғының квадратына
пропорционал,
жəне,
салдарынан,
шығындар
есебінен
қозғалтқыштың пайдалы қуатының азаюы;
айналу жиілігін
номиналды айналу жиілігінен «төмен» ғана реттеу мүмкіндігі.
8.7-суретте реттегіш реостаттардың параллель қозудың тұрақты
тоғының қозғалтқыш схемасына қосылу мүмкіндігі көрсетілген.
Желінің кернеуі U тұрақты кезде кедергіні
R2
ұлғайта отырып,
зəкірге келтірілген кернеуді жəне қозғалтқыштың айналу
жылдамдығын азайтамыз. Кедергіні
R1
ұлғайта отырып, қозу тоғын
жəне қозудың
магнит ағынын азайтамыз, яғни қозғалтқыштың
айналу жылдамдығын ұлғайтамыз.
Тəуелсіз (параллель) қозғалтқыштардағы реостаттың көмегімен
қозу тоғын реттеу күштік тізбекте (зəкір тізбегінде) емес, қуаты
үлкен жəне орташа қозғалтқыштардағы тоқ зəкірдің
номиналды
тоғынан
10...15%
аспайтын
қозу
тізбектерінде
жүзеге
асырылғандықтан, осы реостаттағы шығындар елеусіз. Бұл
қозғалтқыштың айналу жиілігін реттеудің қарастырылып отырған
тəсілінің үнемділігін білдіреді. Қозғалтқыштың айналу жиілігін
реттеудің қарастырылып отырған тəсілінің кемшілігі магнит
ағынын Ф өзгерткен кезде механикалық
сипаттаманың бұрылу
бұрышы өзгеретіні, яғни оның қаттылығы өзгеретіні болып
табылады.
Қозғалтқыштың айналу жиілігін реттеудің қарастырылып
отырған тəсілін жүзеге асыру оңай жəне
тұрақты тоқ
қозғалтқышының айналу жиілігін номиналды айналу жиілігінен
"жоғары" реттеу қажет болғанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: