Қ
ҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН
!
Оқулық құрылыс бағытындағы
мамандықтар бойынша оқу-
əдістемелік кешенінің бір бөлігі болып табылады.
Оқулық «Электротехника жəне электроника» жалпы кəсіби пəнді оқуға
арналған.
Жаңа буынды оқу-əдістемелік кешендер дəстүрлі жəне инновациялық
оқу материалдарын қамтиды. Бұл еңбек жалпы білім беретін жəне жалпы
кəсіби пəндер мен кəсіби модульдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Әрбір жинақта жалпы жəне кəсіби, оның ішінде жұмыс берушінің
талаптарын ескере отырып құзыреттіліктерді меңгеру үшін қажеттілік
туындап отыр. Оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту жəне бақылау
құралдары осы мəселе төңірегінде айқындалды.
Оқу
басылымдары
электрондық
білім
беру
ресурстарымен
толықтырылады. Электрондық ресурстар интерактивтік жаттығулар мен
жаттығу құралдары бар теориялық жəне
практикалық модульдермен
қамтылды. Сонымен қатар мультимедиялық объектілер, интернеттегі
қосымша материалдар мен ресурстарға сілтемелерді қамтиды. Оларға
терминологиялық сөздік жəне оқу үрдісінің негізгі параметрлерін
тіркейтін электрондық журнал кіріп отыр. Жұмыс уақыты, бақылау жəне
практикалық тапсырмаларды орындау нəтижесінде күтілген
біліктілік
шығады. Электрондық ресурстар оқу үрдісіне оңай енгізіледі жəне əртүрлі
оқу бағдарламаларына бейімделе алады.
«Электротехника жəне электроника» пəні бойынша оқу-əдістемелік
кешен «Электротехника жəне электроника» электрондық білім беру
ресурсын қамтиды.
4
К
ІРІСПЕ
Электротехника
— бұл электр жəне магниттік құбылыстарды
зерттеумен жəне оларды практикалық мақсаттарда қолданумен
айналысатын ғылым мен техниканың саласы.
Халық шаруашылығының барлық салаларын электрлендірусіз ғылыми-
техникалық прогреске жету мүмкін емес.
Электр қуаты техниканың барлық салаларының даму негізі, өнеркəсіп,
көлік, ауыл шаруашылығы, коммуналдық-тұрмыстық міндеттелген
объектілер мен құрылыстың даму базасы болып табылады.
Электр энергиясының негізгі үлесі электр станцияларында өндіріледі.
Мұнда алғашқы тасығыштардың (көмір, мұнай, газ) энергиясы үлкен
қашықтықтарға
тасымалдануға
ыңғайлы
электр
энергиясына
айналдырылады.
Электр энергиясының негізгі ағыны бүгінгі күні
айнымалы тоқтың
электр тасымалдайтын əуе желілерінің (ЭТЖ) көмегімен тасымалданады.
Кейбір кемшіліктерге қарамастан, бұл əзірге электр энергиясын
тасымалдаудың ең көп таралған жəне үнемді түрі болып табылады. Бірақ
қазіргі уақытта тұрақты тоқтың ЭТЖ, электр энергиясын тасымалдаудың
жаңа əдістері мен құрылғыларын жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құрылыс алаңдарында электр энергиясын кеңінен қолданады. Мысалы,
тұрғын, қоғамдық, өнеркəсіптік ғимараттар
мен құрылыстарды салу
кезінде белсенді түрде қажет етеді.
Құрылысты электрмен жабдықтау мəселелерін дұрыс жəне уақытылы
шешуге, яғни оны электр энергиясымен жеткілікті көлемде, жоғары сапада
жəне белгіленген мерзімде қамтамасыз етуіне байланысты көп жағдайда
құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу қарқыны, құрылыс машиналары
мен
механизмдердің
тиімді
жұмысы
жəне
түбінде,
құрылыс
бағдарламасының сəтті жүзеге асырылуына тəуелді болады.
Электр энергиясын құрылыста тұтыну үнемі өсіп келеді. Ресейдің
халық шаруашылығының барлық басқа салаларында да электр энергиясын
пайдалану қажеттілігі біртіндеп артып келеді. Ресейде жаңа қуатты электр
энергетика объектілері іске қосылып жатқанымен,
электр станциялары
қазіргі кезде толық жүктемемен жұмыс істеп жатыр.
5
Сондықтан электр энергиясын үнемдеу - ең маңызды жалпы мемлекеттік
міндет.
Электр энергиясын пайдалану мəселелерін дұрыс жəне техникалық
тұрғыдан сауатты шешу «Электротехника жəне электроника» курсын оқу
кезінде шешілетін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Қазіргі ғылым мен техникадағы электрониканың рөлін асыра бағалау
мүмкін емес. Ол ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы болып
дұрыс есептеледі. Электроникасыз ғарыш пен мұхит тереңдіктерін
игерудегі жетістіктер де, атомдық энергетика мен компьютерлік
техниканың дамуы да, өндірісті автоматтандыру да, радио хабарларын
тарату мен телевидениенің жұмыс істеуі де мүмкін емес.
Электрондық аппаратураны кеңінен пайдалану оның жылдам əрекет
етуімен, дəлдігімен, жоғары сезімталдығымен, энергияны аз тұтынуымен,
үнемі өсіп келе жатқан үнемділікпен байланысты.
Электр
технологиясы
-
металдарды
алу
мен
өңдеудің
электротермиялық жəне электролиттік тəсілдері қарқынды дамып келе
жатыр.
Халық шаруашылығының түрлі салаларында электротехникалық жəне
электрондық құрылғыларды кең пайдалану білікті кадрларсыз мүмкін
емес. Осы курсты меңгеретін болашақ мамандар:
■
электр энергиясын алудың заманауи тəсілдерімен, өнеркəсіптік жəне
басқа объектілерді электрмен жабдықтау жүйелерін
дамыту
тенденцияларымен, сондай-ақ, олардың ішінде қолданылатын электр
жабдықтармен, отандық жəне əлемдік электр энергетикасының жай-
күйімен танысу;
■
электр жабдықтарының, электр құрылғыларының құрылысын,
жұмыс
істеу принципін, негізгі пайдалану сипаттамаларын, қолдану саласын,
артықшылықтары мен кемшіліктерін оқу, оларды практикалық
қызметте пайдалануды үйрену;
■
электр тізбектері мен құрылғыларын есептеу əдістерін, электр
жабдықтары жұмыс істеген кезде электр энергиясын оңтайлы
пайдалану тəсілдерін меңгеру жəне олардың орындалуын басқаруды
үйрену;
■
мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен жəне құрылыста немесе
шаруашылықтың басқа салаларында жұмыс істейтін электршілермен
ортақ тіл табу үшін электротехникалық символиканы жəне
терминологияны оқу керек.
Осы оқулықтың авторы «Электротехника. Құрылыс алаңдарын
электрмен жабдықтау, электр технологиясы жəне электр жабдықтары» оқу
құралының авторлары В.Е.Зайцевқа жəне Т.А.Нестероваға оқу
материалын ұсынып, көрсеткен көмектері үшін алғысын білдіреді.