62
а) жобаның түрлі бөліктеріне қолжетімдік құқықтары көрсетілген
əзірлеушілер тізімі;
в) белгілі бір нотацияда құрылған диаграммалар;
г) деректердің сипаттамалары;
д) жүйенің деректері арасындағы байланыстардың сипаттамасы;
е) жүйенің бағдарламалық кодының модульдері сақталады.
Әкімшілік қосалқы жүйесін əзірлеушілер тарапынан жобаның
түрлі бөліктеріне қолжетімді құқықтарын басқару міндеттерін шешу,
бастапқы деректерді жəне жүйеге қойылатын талаптарды сипаттау
үшін құжаттаманы жасау, сондай-ақ жүйені құру үдерісін бақылау
үшін пайдаланады.
Жобаны құжаттау қосалқы жүйесі жобаның əкімшілеріне
жүйені құру үдерісі туралы жедел ақпаратты есептер түрінде алуға
мүмкіндік береді.
Диаграммалардың графикалық редакторы және оларды тексеру
қосалқы жүйесі жүйенің əзірлеушілеріне ЭЕМ көмегімен белгілі бір
нотацияда диаграммаларды құруға жəне оларды тексеруді орындауға
мүмкіндік береді.
Сервистік қосалқы жүйесі жүйенің репозиториіне қызмет
көрсетуге
арналған.
Ол
əзірлеушілерге
деректер
қорын
мұрағаттандыру, іркілістерден кейін оны қалпына келтіру сияқты
функцияларды ұсынады.
Қазіргі CASE-жүйелер алты негізгі белгілер бойынша жіктеледі
(2.11-кесте).
2.11-кесте
Достарыңызбен бөлісу: