96
Бірінші нұсқа түрлі субъектілер жеткізуді жүзеге
асырған кездегі
объектінің қозғалыс траекториясын (2.36-сурет), екіншісі— бір фирманың
бөлімшесіндегі объектінің қозғалыс траекториясын көрсетеді (2.37-сурет).
Объектінің траекториясын көрсеткен кезде төрт бұрышты жақшада
əдетте объектінің жай-күйінің аты көрсетіледі.
Өзара іс-қимыл диаграммалары объектілерді,
олар арасындағы
қатынастарды жəне олар алмасатын хабарламаларды көрсету үшін
пайдаланылады. Өзара іс-қимыл диаграммалары реттіліктер жəне
2.36-сурет
. Жеткізілімді түрлі субъектілер жүзеге асырған кездегі
қозғалыс траекториясы
2.35-сурет рублдік
сомаларды қайта
есептеу алгоритмі
97
2.37
-сурет. Бір фирманың бөлімшесіндегі объект қозғалысының траекториясы
кооперациялар диаграммалары түрінде іске асырылады.
Реттілік
диаграммасы уақыт ішіндегі хабарламалардың қозғалысы мен пайда
болуы үдерісін, ал
кооперация диаграммасы —
хабарламаларды
тудыратын
жəне
қабылдайтын
объектілердің
құрылымдық
ұйымдастырылуын көрсетеді.
Хабарлама дегені объектілер арасында деректермен алмасу
қағидаларының қандай да бір жиынтығы ретінде түсініледі. Хабарлама
қандай да бір ақпаратты алған объект оған қандай да бір əрекеттер
реттілігімен жауап береді деп болжайды. Хабарлама ретінде нақты
бастапқы деректер жинағын қамтитын объектінің белгілі бір операциясын
шақырту қарастырылуы мүмкін.
Реттіліктер диаграммасын құру үшін
Х осі
бойымен өзара іс-қимылға
қатысатын объектілерді орналастыру қажет. Өзара іс-қимылдың
бастамашысы болып табылатын объект сол жақта, қалғандар оң жақта
орналасады.
Содан кейін Y осі бойымен объектілер арасында айналатын
хабарламалар орналастырылады, соңғы хабарламалар төменде орналасады.
Реттілік диаграммасында объектінің уақыт ішінде болуын көрсететін тік
нүкте сызықты көрсетеді.
Объектілер өзара іс-қимыл кезінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда
диаграммада
create
стереотиппен арнайы хабарлама пайдаланылады. Егер
объект өзара іс-қимыл кезінде жойылса,
тиісті хабарлама
destroy
стерео-
типпен белгіленеді.
destroy
стереотипі үшін үлкен «X» əріпін пайдалану
ұсынылады. 2.38 суретте DAO технологиясы көмегімен деректер жинағын
алу үдерісін көрсететін реттіліктер диаграммасының үлгісі келтірілген.
98
2.38-сурет. Реттіліктер диаграммасы
Деректер қорын ашу үдерісін бақылау үшін done стереотиппен хабарлама
пайдаланылады.
Объектінің өмір уақыты желісінде басқару фокусы көрсетіледі. Басқару
фокусы созылған тікбұрыш бейнеленеді. Басқару фокусы ол ішінде осы
объект тіршілік ететін уақыт аралығын көрсетеді. Фокустың жоғарғы шегі
объектінің хабарламаны алған сəтіне теңестіріледі, ал төменгі —
алынған
хабарламаға жауап беру сəтіне сəйкес келеді.
Кооперация диаграммасы объектілердің өзара іс-қимыл үдерісінде
ұйымдастырылуын сипаттайды. Объектілер «қауымдастық» байланысы
көмегімен біріктіріледі. Байланыстар жанында өзара іс-қимыл үдерісінде
пайда болатын хабарламалар аталады, жəне нұсқарлармен хабарламалар
қозғалысының бағыттары көрсетіледі (2.39-сурет).
Кооперацияда пайда болатын хабарламалар нөмірленген болуы тиіс.
Нөмірлеу өсуші тəртіппен орындалады. Нөмірі үлкен
хабарлама уақыт
шамасында нөмірі кіші хабарламадан кешірек пайда болады.
Ассоциативтік байланыстарды көрсеткен кезде олар
local
(жергілікті
байланыс) жəне
global
(жаһандық
байланыс) стереотиптермен
жабдықталуы мүмкін.
2.39-сурет. Кооперация диаграммасы