Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет69/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

• 
келісушілік. Транзакцияны орындау деректердің бүтіндігін бұзуға 
əкеп соқпауы тиіс. Мысалы, егер Т
1
кестесі Т

кестесімен «біреуі көбіне» 
қатынасымен байланыстырылған болса, онда Т

кестесіне олар үшін Т

кестесінде болжамды кілтпен тиісті жазбасы жоқ сыртқы кілті бар 
жазбаларды қосуға болмайды; 
• 
оқшауланғандық. Көппай даланушылық жүйелерде деректерді 
өзгерту үдерісінде қақтығыстар болмауын қамтамасыз етеді. 
Осы жүйеелерде деректер қоры мен кестелерді бірнеше пайдаланушы 
өзара 
бөледі. 
Осындай 
қолжетімділік 
жағдайында 
деректер 
келісушілігінің маңызы зор. Бір транзакция белгілі бір кестенің немесе 
кестелердің жазбасына қолжетімділікті алған кезде, ол аяқталғанша 
басқа транзакциялар осы жазбаларға қолжетімділікті ала алмайды; 


132 
ұзаққа жарамдылығы. Осы қасиеті транзакция ойдағыдай 
аяқталған жағдайда оның нəтижелері жоғалмайтынын білдіреді. 
Қарастырылған қасиеттердің тиісті ағылшын атаулары бар: 
atomicity, consistency, 
I S O L A T I O N
, durаbility, сондықтан алдында 
аталған қасиеттерге ие транзакциялар қысқаша ACID-транзакциялар 
деп аталады. 
Көппайдаланушылық жүйелерде транзакцияларды топтастыру 
технологиясы да қолданылады. Ол екі қағидат негізінде іске 
асырылады: 
1) транзакция олар үшін бұрын басталған транзакция жабылмаған 
деректер қоры кестесінің жазбаларына қолжетімділікті ала алмайды; 
2) егер деректер қоры кестелерінің жазбаларына екі транзакция 
қатар жүгінген болса, олар ретпен орындалады. 
Топтастыру қағидатын іске асыру бұғаттау механизмі көмегімен 
орындалады. Бұғаттау: 
1) деректер қорлары деңгейінде; 
2) жекелеген кестелер деңгейінде; 
3) беттер деңгейінде; 
4) жазба деңгейінде жүзеге асырылуы мүмкін. 
Бірінші жəне екінші түрдегі бұғаттаулар транзакцияны өңдеу 
үдерісін едəуір баяулатуы мүмкін. Үшінші түрдегі бұғаттау физикалық 
деңгейде орындалады, бет ретінде кестенің деректері жазылған қатты 
дискінің учаскелері түсініледі. Транзакцияларды өңдеуді жылдамдату 
үшін төртінші түрдегі бұғаттау жүргізіледі – кестенің жолдары 
деңгейінде. 
Қолжетімділікті жеделдету үшін қатты жəне қатты емес бұғаттау 
қолданылуы мүмкін. Қатты бұғаттау транзакция кестедегі деректерді 
өзгертуді жүргізген кезде орындалады, басқа транзакцияларға 
өзгертілетін деректерге қол жеткізуге тыйым салынады. Қатты емес 
бұғаттау деректерді алып шыққан кезде тиімді, бұл ретте басқа 
транзакциялар да осы деректеерді ала алады. Тек ешқандай басқа 
транзакция деректерді бұғаттамағанда ғана транзакция қатты 
бұғаттауды пайдалана алады. 
Өзара бұғаттау кезінде транзакциялардың біреуі тоқтатылады жəне 
оны «кері шегіндіру» орындалады. 
Транзакцияларды басқару жүйелері транзакциялардың екі негізгі 
түрін 
қолдайды: 
таратылған 
жəне 
жергілікті. 
Таратылған 
транзакциялар желінің қашықтағы деректер қоры фрагменттелген 
бірнеше серверінде іске асырылады. 
Жергілікті транзакциялар желінің немесе жұмыс станциясының бір 
серверінде орындалады. 
Қазіргі ұйымдарда дəл осы таратылған транзакциялар кең таралуда. 
Оларды орындау үдерісін оңтайландыру үшін OLTP-жүйелер құрамына 
арнайы қосалқы жүйені — TPM (Trаnsасtiоn Prосеssing Mоnitоr) 


133 
транзакциялар мониторы енгізіледі. 
Бұл ретте TPM екі функцияны орындайды: 
1) желінің серверлеріне жүгінулерді біркелкі үлестіру жолымен 
оларға жүктемені теңестіреді; 
2) серверлерде орындалатын қосымшалар санын оңтайландырады. 
Бірінші функцияны іске асыру үшін клиенттік сұрау салуларды 
бағдарлау технологиясы қолданылады. TPM қосалқы жүйесі 
динамикалық бағдарлы кестеге жүгінеді жəне клиенттік сұрау салуға 
қызмет көрсете алатын бос серверді табады. Бос серверді іздестіру не 
оларды кезеңдік сұрастыру, не белгілі бір алгоритм бойынша 
жүргізіледі. 
Транзакцияларды орындау жылдамдығын оңтайланыру үшін 
белсенді серверлік қосымшаларды бақылау жүргізіледі. Сұрау 
салуларға қызмет көрсететін серверлік қосымшалар неғұрлым көп 
болса, OLTP-жүйелердің əрекет ету жылдамдығы соғұрлым жоғары. 
Белсенді серверлік қосымшалардың оңтайлы санын іздестіру үшін 
арнайы коэффициент пайдаланылады, ол мынандай формула бойынша 
есептеледі [1]: 
M =
𝑄
𝐴

онда Q— кезектегі сұрау салулар саны; A— жұмыс істеп тұрған сер- 
верлік қосымшалар саны. 
Егер қандай да бір максималды төменгі шекті мəнінен асып кетсе, 
онда серверлік қосымшаның көшірмесі іске қосылады. Шекті 
минимумге жеткеннен кейін көшірме сервердің жадынан алып 
тасталады. 
Басқару механизмі транзакциялармен қолданатын ақпараттық 
жүйелерді əзірлеген кезде түрлі технологиялар пайдаланылуы мүмкін. 
SQL сұрау салулар тілі нұсқаларының көбін транзакцияларды 
басқару опреаторлары қолдайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет