134
б)
ROLLBACK
операторы транзакцияны орындауды аяқтайды;
в) өзгерістерді жүргізген бағдарлама жұмысының ойдағыдай
аяқталуы;
г) өзгерістерді жүргізген бағдарламаның сəтсіз
аяқталуы,
транзакцияны «Кері шегіндіру».
Бір транзакцияның аяқталуы екінші транзакцияның автоматты түрде
басталуын білдіреді.
Sуbаsе ларды басқару моделінде Transact SQL тіл операторлары
пайдаланылады. Осындай модельде транзакцияны мына операторлар
көмегімен басқаруға болады:
1)
BEGIN
TRANSACTION
;
2)
COMMIT TRANSACTION
;
3)
SAVE TRANSACTION
Нүкте атауы;
4)
ROLLBACK
;
5)
ROLLBACKTO
Нүкте атауы.
Бірінші оператор транзакция басталғанын жариялау үшін
пайдаланылады. Екінші оператор транзакцияны орындау үдерісінде
жасалған өзгерістерді тіркеуге арналған. Үшінші оператор деректер
қорының транзакция орындалған сəтіндегі қалпын сақтайды. Сақталған
қалпына операторда көрсетілген ат беріледі. Бұл ат
транзакцияның
ағымдағы қалпының нүктесі деп аталады
.
Транзакцияны «кері шегіндіруді» екі тəсілмен жүзеге асыруға
болады. Бірінші тəсіл төртінші оператор көмегімен орындалады.
Транзакциямен жасалған
барлық өзгерістер тоқтатылады, деректер
қоры транзакцияны орындау алдындағы қалпына оралады.
Бесінші жəне үшінші операторлар транзакция орындаған
əрекеттерінің бөлігін тоқтатуға жəне
деректер қорын бұдан бұрын
сақталған күйлерінің біреуіне қайтаруға, содан кейін сақталған
нүктеден транзакцияны орындауды
қайталау талпынысын жасауға
болады.
Транзакцияларды орындаған кезде аппараттық іркіліс болған
жағдайында қайтару нүктелері назарға алынбайды.
Miсrоsоft фирмасы DAO деректерге қол жеткізу объектілері
кітапханасында іске асырылған транзакцияларды
басқару механизмін
ұсынады Wоrksрасе кітапханасының объектісі транзакцияларды
басқару жөніндегі мынандай əдістерді қолдайды:
Достарыңызбен бөлісу: