Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


•  қима — гиперкубтан бір немесе бірнеше өлшемдер бойыншаа  бекітілген мағыналармен қосалқы жиынтықты белгілеу;  •



Pdf көрінісі
бет73/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

• 
қимагиперкубтан бір немесе бірнеше өлшемдер бойыншаа 
бекітілген мағыналармен қосалқы жиынтықты белгілеу; 
• 
айналдыру — өзгерістерді екіөлшемді көрсету тəртібін өзгерту; 
• 
тұқырту — өлшеудің бір мағынасын иерархия деңгейінің неғұрлым 
жоғары мағынасына ауыстыру. Мысалы, егер белгілі бір уақыт өлшеміне 
сəкес келетін мағына алынса, онда тұқырту операциясы интервалдық 
барлық уақыт белгілеріне сəйкес келетін мағыналарды алуға мүмкіндік 
береді; 
• 
тәптіштеу — тұқыртуға қарсы операция. Мағына интервалдың 
нақты уақыт белгісі үшін алынады. 
Деректерді сақтаудың көпөлшемді технологиясы күрделі сұрау 
салуларды талдамалық өңдеумен байланысты міндеттерді табысты шешуге 
мүмкіндік береді, осылайша, оперативтік жадта гиперкубтың барлық 
деректері орналастырады. Бірақ деректерді осындай орналастыру 
деректердің үлкен көлемін пайдалану мүмкінсіздігіне əкеп соғуы мүмкін, 
өйткені есептеуіш жүйенің оперативтік желісінің ресурстары жеткіліксіз 
болуы мүмкін. 
Деректер көлеміне шектеуді алып тастау үшін деректерді 
орналастырудың көпөлшемді реляциялық технологиясы пайдаланылады. 
Деректерді жұлдыз қағидатын пайдаланып, орналастырады. Деректер 
қоймасы бұл жағдайда кестелер жинағы болып табылады. 


139 
Кестелер екі типті болады: 
1) 
фактологиялық. «Жұлдыз» схемасында осындай кесте біреу. Онда 
атрибуттың мағынасы жазылған жəне бірнеше индекстік алаң 
орналастырылған: бір индекстік алаң - өлшем коды, қалғандар – 
анықтамалық кестелердегі жазбалардың кодтары; 
2) 
анықтамалық
Деректер 
қоймасының 
үшөлшемді 
ұйымдастырылуы жағдайында осындай кестелері тиісінше үшеу болады. 
Бірінші кестеде өлшемдердің-атрибуттардың сипаттамалары сақталады, 
екінші кесте объектілердің сипаттамасын, үшінші – уақыттық 
сипаттамаларды қамтиды. 
3.2-суретте 
IDEFX1 
нотациясындағы 
деректер 
қоймасының 
реляциялық схемасы көрсетілген. Фактологиялық кесте атрибуттың 
мағынасынан 
жəне 
анықтамалық 
кестемен 
байланысу 
үшін 
пайдаланылатын үш сыртқы кілттен тұрады. Нақты жүйелерде 
анықтамалық кестелер осы қойманың ерекшелігін сипаттайтын алаңдармен 
толықтырылады. 
Көпөлшемді деректер қоймаларын құрған кезде, сондай-ақ, «қар 
бүршігі» 
схемасы 
қолданылады: 
анықтамалықтар 
олармен 
байланыстырылған қосымша анықтамалық кестелер көмегімен одан əрі 
тəптіштеуге тартылады. 
OLAP-жүйелерді 
өрістету 
клиент-сервертехнологиясы 
негізінде 
орындалады. Көпөлшемді деректерді сақтау əдісімен ұсынылатын 
тезəрекеттікті жəне реляциялық модельді пайдаланған кезде деректердің 
шектелмеген көлемін сақтау мүмкіндігін үйлестіру үшін OLAP-жүйесінің 
мынандай архитектурасы пайдаланылады: 
а) деректер қоймасы деректерді орналастырудың реляциялық 
технологиясын пайдаланып, құрылады; 
б) фирма бөлімшелерінің талдамалық міндеттерін шешу үшін 
көпөлшемді деректер қорлары бар деректер киосктары құрылады. 
3.2-сурет. Реляциялық деректер қоймасының
құрылымы. 
«Жұлдыз»архитектурасы 


140 
бағдарланған. Оларды құрған кезде жүйені əзірлеушілердің жеке 
тəжірибесі, интуициясы, білімі пайдаланылады. Осындай жүйелер
үшін оларды əзірлеудің бірыңғай нысандандырылған тəсілдемесі жоқ. 
Жалпы тұжырымдамалық жүйелер білімді нысандандырылған 
түрде сақтауға жарамды түрге келтірудің белгілі бір базалық 
қағидаттарына негізделген. 
Сараптамалық жүйелерді əзірлеу үдерісі 3.1-кестесінде көрсетілген 
кезеңдерді орындауды болжайды. 
Бұл схемада киоск — бұл көпөлшемді құрылым түрінде құрылған 
мамандандырылған тақырыпты деректер қоймасы. Деректер киоскқа 
орталық қоймадан жүктеледі. 
Деректер қоймасы туралы оперативтік ақпаратты алу үшін ол 
сипаттамамен жабдықталады. Сипаттамалар метадеректерді құрады. 
Метадеректер қоймадағы деректер құрылымы туралы ақпаратты алуға 
мүмкіндік береді; олардың ішінде қолжетімділік əдістері жəне 
нəтижелерді беру қағидалары туралы мəліметтер болуы мүмкін. 
Метадеректер репозиторийді құрады. 
OLAP жүйелер мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді
[1]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет